Ертіс ауданы Иса Байзақов ауылындағы Максим Горький атындағы мектепте жазғы демалысты мазмұнды әрі тағылымды етіп өткізу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ерекше «Мобилограф» пен «Этно-Лайф» лагерлері өз жұмысын бастады. Үш айға жоспарланған бұл шығармашылық жобалар оқушылардың демалысын пайдалы өткізуге сеп болады.
Бүгінде білім ордасында 74 оқушы білім алады. Жазғы мезгілмен бірге балаларға арнап ісмерлік пен ұлттық өнерге негізделген үйірмелер өз жұмысын жолға қойған. Қыз балалар құрақ көрпе тігіп, ою-өрнек пен ұршық иіруді үйреніп жатса, ұл балалар темір мен ағаш өңдеу, құрал-саймандармен жұмыс істеу сияқты ісмерлікке бейімделуде.
Иманмәлік Мәненбаев, Иса Байзақов ауылының тұрғыны
Лагерьдің кезінде балаларға келіп көрсетіп үйреніп жатырмыз.Қазіргі жастарға бәрі қызық.Білезік, сақина бәрін көрсетіп үйретіп жатырмыз.біз үйрктпегнеде кім үйретеді.
Бұл лагерлер жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, ата-баба дәстүрін қастерлеуге, ана тілі мен тарихқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған. Оқушылар тек үйреніп қана қоймай, өз қолдарымен жасаған бұйымдарды мақтанышпен таныстырып жүр.
Азмина Сағинова, оқушы
Бүгін біз түрлі ұлт өкілдерінің бейнесі салынған сырғаларды безендірдік. Мысалы, мынау – қазақ қызы, ал бұл – грузин, ал мынау – қытай қызы. Өте қызықты әрі шығармашылықпен жұмыс жасадық..
Биыл алғаш рет ашылған «Мобилограф» лагері де балалардың ерекше қызығушылығына ие болды. Бұл кабинетте оқушылар мобилография – яғни смартфон арқылы фото және видео түсіру өнерін меңгеріп жатыр. Балалар табиғат аясына шығып, көркем кадрлар түсіріп, фотосуреттерді кәсіби деңгейге жеткізуді үйренуде.
Мейіржан Рахманқұл, 7-сынып оқушысы
Біз табиғатқа шығыфпта үйренеміз.Суреттерді сапалы қылып жасаймыз. Мен болашақта мобилограф маманы болғым келеді.
Бұл – балалардың бос уақытын пайдалы өткізуге бағытталған нақты қадам. Жуық арада «Олимпиадашы», «Еңбек десанты», «Жасыл желек» атты басқа да лагерьлер өз есігін айқара ашпақ. Әрқайсысының бағыты мен мазмұны ерекше, ал басты мақсат – балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.
Дильназ Куанышбекқызы