Ерсайын Шапин Кенжекөл ауылының тұрғыны. Облыс орталығынан үйіне барар жолда әрқашан осы жерге соғып, қауын-қарбыз алып қайтады. Дәмі тіл үйретін, пайдалы әрі ешбір қоспасыз мына Аққулы қарбыздары біздің мақтанышымыз дейді.
Ерсайын Шапин, Кенжекөл ауылының тұрғыны:
Жылда осы арадан аламыз қауын. Міне тағы да алып жатырмыз. Еңбектері жансын балалардың. Өте жақсы. Бұл еңбек. Қанша терменен жасалып жатқан еңбек бұл. Бұндай адамдарды сыйлаймын өзім.
Жылда Аққулы қарбыздары дүкен сөрелеріне тамыз айында шығатын. Биыл тамшылау әдісімен өсірілген бұл өнімдер мерзімінен бұрын шілде айында сатыла бастады.
Жомарт Қанафин, кәсіпкер:
Біз ештеңе қоспаймыз. Ешқандай нитратсыз. Табиғи таза органикамен өседі. Биыл біз тамшылаумен ектік, бірақ ештеңе қоспадық. Солай өсе береді, себебі жеріміз тың. Субпесчаное земля дит. Енді биыл ноу-хау дейді ғой. Биыл 29 шілдеде кіргіздік. Сондай дәрежеге жеттік. Бұрын қыркүйекте таяу, 15 тамызда шығатын. Биыл тамшылауға ертерек алдық. Баға болады. Үсік алмайды. Қазір замарозкиға түсік қалады. Сондықтан осындай тәсілмен еккен жақсы.
7,5 гектар жерде қауын-қарбыз тамшылау әдісімен өсірілген. Алқаптан шамамен 180 тоннадай өнім алынды. Кәсіпкер қарбыз өсірумен 7-8 жыл айналысады. Оның 4 жылында істі нақты қолға алып, қазір әбден машықтанған. 25 тонна қауыны 3-4 күн ішінде сатылып кетеді екен.
Самал Қалиқызы, тілші:
Қауын-қарбыз сөзін естігенде есімізге бірден нитрат деген сөз келеді. Бұл дегеніміз өнімде қандай да бір қоспаның бар екенін білдіреді. Ол көп мөлшерде болған уақытта адам уланып қалуы әбден мүмкін. Осы ретте, біздің өңірімізде «Қауіпсіз азық-түлік» шарасы өтуде. Оның мақсаты бақша дақылдары, жеміс-жидек өнімдерінен улануды алдын алу.
Жібек Қараханова, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлімі басшысының м.а:
Бүгінгі таңда Павлодар облысында бау-бақша, жеміс-жидек өнімдерінен нитрат тексеру мақсатында 150-ден астам зерттеу жүргізілді. Шамадан тыс нитрат Шығыс Қазақстаннан келген Эфиопия қауынында анықталды. Ал, қарбыз бен жеміс-жидекте тексеру барысында нитрат аз мөлшерде болды.
Көгенде жатып семірген көк лақтың жұмбағын шешкен бағбандар биыл ауа-райының қолайлы болғанын айтты. Кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар бейнеттің зейнетін көріп отырғанына өте қуанышты.
Самал Қалиқызы