Павлодарда «Жебе» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына арналған «Домбыра думан» шарасы өтті. Оған қала тұрғындары, оның ішінде домбыраны серік еткен жандар көптеп қатысты. Бірлестік 10 жыл бойы ұлттық өнер мен мәдениеттің дамуына жұмыс жасап келеді.

Шара Абай әнімен басталды. Биыл барша ел ақынның 180 жылдығын атап өтіп жатқан белгілі. Осынау мерейлі датаға құрмет белгісі. Ал, бірлестіктің 10 ылдығына арналған шараға қала тұрғындары белсенді қатысты.

Ерсін Шекеев, Павлодар қаласының тұрғыны

Домбыраны енді бала күнімен. Қозы бағып жүріп, қойдың артында жүріп үйреніп алғам. Арнайы оқу-білімім жоқ. Өзім үйреніп алғам. Бүгін немерелеріммен паркке келгем. Керемет, тамаша бір прогаммма өтіп жатыр екен.

Шарада зиялы қауім өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депуттатары да домбыраны қаншалықты меңгергендіктерін көрсетті. Қаланың жас тұрғындары да қалыс қалмады. Арларында домбыраны кәсіби бағытта үйреніп жүрген жас өскіндер де бар.

Ардақ Зейнолла, Павлодар қаласының тұрғыны

Өте жақсы шара деп ойлаймын. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» дейді ғой. Домбыраны өзіміз көтермесек кім көтереді. Бқндай бағыт, дұрыс, жақсы деп ойлаймын.

«Жебе» қоғамдық бірлестігі 10 жыл бойы ұлт мәдениеті мен руханиятын насихаттау жолында жұмыс жасап келеді. «Домбыра думан» шарасында алғаш болып қолға алған бірлестіктердің бірі.

Рымбек Қабиден, «Жебе» ҚБ мүшесі

Осы 10 жылдық аясында біз жыл соңына дейін бірқатар шараларды өткізбекпіз. «Домбыра патиді» 13 жыл бұрын алғаш рет өткізгенбіз. Өзге де маңызды шараларды шолу ретінде атап өтеміз. Домбыра деген қазақпен егіз ұғым. Күй ойнаса тарих сөйлейді. Терме айтылса рух оянады. Сол себептен бұл шараның маңызы өте зор деп ойлаймын.

Домбыра мыңдаған жылдардан бері қазақпен бірге жасап келе келе жатқан серігі. Мұңдасы да сырласы да. Үні де домбыра.

Жанасыл Серікбол