Ішкі істер министрілігі заң мен тәртіп қағидаты сай есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда. Биыл елімізде алты айдың ішінде есірткіге қатысты 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді.
Оның ішінде 1800 іс — ауыр қылмыс санатына жатады. Заңсыз айналымнан 6 мың тонна есірткі тәркіленді. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды.
Қуандық Әлжанов, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары
Ішкі істер органдары заң мен тәртіп принципі бойынша есірткі қылмыстарды анықтау мен жолын кесу жалғастыруда. Биыл 6 айда 4 мыңға жуық есірткіге қарсы құқық бұзушылық тіркелді. Оның 1800-зі ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан топ құру және басқару фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 2-уі трансұлттық сипатта. 11 көшбасшы және 43 қатысушы ұсталды. Заңсыз айланымнан 6 тоннандам астам есірткі заттары тәркіленді. Бұның ішінде тәркіленген синтетика екі есеге өсіп, 570 килограмм құрады. 103 зертхана қызметі тоқтатылды.
Сондай-ақ, ішкі істер министрлігі интернет арқылы есірткі таратуды тыйып, 17 мыңнан астам сайтты бұғаттады. Бұған қоса, заңсыз қаржылық ағынның жолы кесілді. Сонымен қатар, 11 мыңнан астам шара өткізіліп, оған миллионға жуық жасөспірім мен жастар қатыстырылды.
Әйгерім Тоқпанқызы