Павлодарда жоғарғы сынып оқушыларын жазғы еңбекке булу жобасын іске асыру жалғасуда. 16 жыл бойы үзілмеген жоба жастардың тәрбие құралы ғана емес, еңбекке дағдыланудың, болашаққа бағдар жасаудың да ұтымды тәсіліне айналды.

Білім басқармасы, кәсіпкерлік, сондай-ақ қала және аудан әкімдіктерінің қолдауымен 2025 жылы 7-10 сынып оқушылары үшін 11 800 жұмыс орны ашылды. Оның 80 пайыздан астамы жеке кәсіпкерлік арқылы ашылған.

Владимир Берковский, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі

Мемлекет басшысы әрі Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің адымызға жастардың тәрбиесі жөнінде міндет қойды. Тәрбиелі адам ғана байсалды, зияткер бола алады. Жазғы уақытта іске асатын жоғарғы сынып оқушыларын еңбекпен қамту жобасы да үлкен тәрбие негізі.

Жасөспірімдер ауылда да, қалада да жұмыс істейді. Жануарларды күтуге көмектеседі, көшелерді абаттандыруға қатысады, сауда мен қоғамдық тамақтандыру саласында еңбек етеді. Әр оқушыға 85 мың теңге мөлшерінде жалақы алады. Ата-аналармен және олардың балаларымен ресми келісім-шарт жасалады. Еңбек барысында қауіпсіздік нұсқауларын орындау міндетті болып табылады. 16 жыл ішінде жасөспірімдердің еңбек жағдайына байланысты бірде-бір заң бұзушылық тіркелмеген.

Владимир Берковский, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі

Мен сондай-ақ өте маңызды жайтты атап өткім келеді. Жасы 20-ға дейін жұмыс істемеген, мүмкін болатын жұмыстан жалтарған жас ұл-қыздарды болашақта оқытпайды, еңбекке мәжбүрлемейді. Бұл адамдардың өмірі өте қиын болады. Сондықтан жастайынан еңбекке, еңбекке деген сүйіспеншілікті ояту керек. Неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы.

Жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерді: жазда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты азайтады, еңбекке деген ұмтылысты тудырады, ең бастысы кәсіби әлемге есік ашады. Оқушылардың өздері де бұның құнды тәжірибе екендігін айғақтайды. Ярослав Лукин болашақта дәрігер болуды армандайды. Ал осы жазда ол трамвай бағытында диспетчердің көмекшісі болып жұмыс істеуде.

Ярослав Лукин, оқушы

Жұмыс қиын емес. Алайда, жауапкершілігі мол. Кейде жолаушылармен түсініспей қалатын сәттер болады. Бұндай шаралар арқылы көптеген оқушылар болашақ мамандықтарын таңдауда.

Ал, Арман Сембаев супермаркетте сатушының көмекшісі болып еңбек етуде.

Арман Сембаев, оқушы

Моя должность Менің жұмысым – тауарды тоңазытқыштарға салып, сөрелерге әдемілеп қою. Бәрі дұрыс өтіп жатыр. Ұжыммен татумын. Жоба сәтті ұйымдастырылған.

Көптеген отбасылар үшін балалардың жобаға қатысуы білім және тәрбиемен қатар, қаржылық қолдауды қамтамасыз етеді.

Ольга Азанова, ата-ана

Балаларымыздың алатын айлығы отбасымыздың бюджетін айтарлықтай толықтыруда. Достық үйі сияқты осындай шараларды ұйымдастырып жатқан мекемелердің бар екендігіне қуаныштымын.

Жоба өз тарихында көптеген оқушының өмірін таңдауға септігі тигізіп, болашағына бағдар болған кезері көп.

Юлия Вишенкова, Павлодар электр тарату компаниясының маманы

2008-2009 жылдары мектеп оқушысы кезімде 3-ЖЭО-да абаттандыру цехында жұмыс істедім. Бұл жұмыс тәжірибесі маған қатты әсер етті, өйткені мен бір кездері журналист болуды армандадым, бірақ ЖЭС-да жұмыс істегеннен кейін барлығының қалай жұмыс істейтінін көрдім. Осыдан кейін мен өндірістік салада жұмыс істеймін деп шештім.

Мектеп оқушыларын жазғы жұмыспен қамту уақытша ғана жұмыс емес. Бұл жасөспірімдер ересектерге алғашқы қадамдарын жасайтын, жауапкершілікке үйреніп, болашағын құратын өмір мектебі.

Жанасыл Серікбол