Қала күніне орай облыс орталығында түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – «Қала ран» марафоны. Жергілікті тұрғындармен қатар, көрші өңірлер мен шет елдерден келген қатысушылар да жарыс жолына шығып, ықыласын ісімен білдірді.
Салауатты өмір салтын ұстанатын спортшылар таңсәріден ерке Ертістің жағасына жиналып, марафонға дайындылды. Денелерін қыздырып, жаттығу жасады. «Өзіңнен баста» ұранымен өткен жүгіруге 700-ден астам адам қатысты. Спортшылар 5, 10 және 21 шақырым қашықтықта күш сынасты.
Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді, бұл өте қуантады. Марафонға келген қонақтарға шын жүректен алғыс айтамын — олар бізді қолдап, жанкүйер болып жүр. Павлодар – спортты насихаттайтын, көркем қала. Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!.... целеустремленных людей. С днем города.
Қала күніне арналған жүгіру жарысы жыл сайын көпшілік назарына ілініп келеді. Бұл шара спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқаруда.
Болат Ордабаев, ұйымдастырушы
Біз қала күніне арналған жүгіру жарысын жыл сайын үш жылдан бері өткізіп келеміз. Осы уақыт ішінде қатысушылар саны 700 адамға дейін өсті. Аймаққа танымал спортшылар мен үздік командаларды тартуға тырысамыз, олар Қазақстанның басқа қалаларымен бірге біздің марафонға да қатысады. Бұл шара арқылы қаламызды спортқа, жүгіруге жақындатқымыз келеді. Биылғы марафонға Қазақстан қалаларынан бөлек Германия, Ресей, Новосибирск, Барнаулдан да спортшылар келді. Сонымен қатар, Ақтау, Қарағанды, Абай, Алматы, Атырау секілді қалалардан да қатысушылар болды.
Қатысушылар старт белгісін естігеннен кейін жүгірісті бастады. Олар орталық жағалаудан шығып, Астана көшесі арқылы Кривенко, Естай, Луначарский, Толстой және Шокин қиылыстарынан өтіп, жағалау бойымен финишке жетті.
Ертөстік Тұяқов, Екібастұз қаласының тұрғыны
Осы марафон екінші марафон болып жатыр. 2 рет қатысып жатырмын. Өте жақсы, ұйвмдастырушылар өте жақсы. Өзі жүгірген уақытым 24 минут. Өте қуанышьымын жаңа результатыма.
Марафонға арнайы қатысу үшін Астана қаласынан 75 жастағы Қайрат Ахметжанов келді. 10 шақырымдық қашықтықты аяқтаған ақсақал жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.
Қайрат Ахметжанов, Астана қаласының тұрғыны
Астанадан келіп отырмын. 75 жастамын. Қала күнінен арнап, осы жақта туғанмын. Мейрам керемет өтіп жатыр. Соревнования жақсы болып, Қала күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Қайырлы болсын.
Гүлбақыт Қойлыбай, Семей қаласының тұрғыны
Семей қаласынан келіп тұрмын. Және де бүгін Павлодар қаласы күнімен құттықтаймын. Қала ран марафонына қатысып отырмын. Жасым 48 де 2 жылдан бері жүгіріп жүрмін. Бүгінгі мереке құтты болсын. Және барлықтарыңызды спортпен айланысуға шақырамын.
Қатысушылар маршруттың айқын әрі жолдың сапасы жоғары болғанын айтты. Кедергілер жоқ, жеңіл жүгірдік деп қуаныштарын білдірді. Әр қашықтық бойынша бірінші болып келген жеңімпаздар ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Осылайша Ерке Ертіс жағасында орналасқан Павлодар қаласының 305 жылдығы спорт арқылы кеңінен насихатталды.
Әйгерім Тоқпанқызы