«Аманат» партиясы металлургтерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, өңіріміздегі ең ірі металлургиялық кәсіпорын жұмысшыларын партия қатарына қабылдады.

Елдің дамуына әркімнің үлесі бар. Алайда, еңбек адамдарының үлесі айрықша бағалануы тиіс. 2025-жыл елімізде еңбеккерлерге арналды. Сондықтан, «Аманат» партиясы осынау атаулы жылмен тұспа-тұс келіп отырған металлургтер күнімен құттықтап, арнайы ат басын тіреді. Марапат алғандар ішінде қарапйым жұмышылар қатары мол.

 «Аманат» партиясы өңірдегі ірі кәсіпорындардың барлығымен тығыз жұмыс істейді. Көптеген зауыттарда бастауыш партия ұйымдары бар.

Шара аясында 20 адам партия қатарына қабылданды. Осылайша «Аманаттың» алға қойған мақсатына жетуінде металлургтердің үлесі арта түспек.

Жанасыл Серікбол