Сондай-ақ, Металлургтер күні облыс орталығында кең көлемде аталып өтті. «ZAVOD FEST 2025» мерекелік шарасы аясында Павлодар тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше форматтағы көрме-фестиваль ұйымдастырылды. Толығырақ шараға қатысып қайтқан тілші әңгімесінде.
Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірдің ірі өндіріс орындарының көпшілігіне иелік ететін Еуразиялық топ кәсіби мереке қарсаңында қала тұрғындарына арналған мерекелік кеш ұйымдастырды. Фестивальдің басты мақсаты – өндіріс саласындағы заманауи мүмкіндіктерді көрсету және жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу. Қатысушылар зауыт цехтарының жұмысымен танысып, интерактивті таныстырылымдарға қатысты. Кәсіби бағдар алды.
Олжас Мамырбаев, ERG компаниясы әлеуметтік жобалар менеджері
Жастар ішінде осы жұмысшы мамандықтар беделін көтеру. Және қандай мүмкіндер барын көрсету. Қандай оқу орындары бар. Мысалы техника.Қандай мамандықтар бар. Одан кейін жоғары оқу орындары бар. Боашақта мамандықты таңдап қандай зауытта жұмыс істеуге болатынын көрсету.
Шараға оқу орындарының өкілдері де атсалысып, жұмысшы мамандықтарының бүгінгі күндегі маңызын тілге тиек етті. Павлодар өндірісті өлке. Бұл бастама жұмысшы еңбегінің қоғамдағы беделін арттыра түсті.
Сондай-ақ сол күні еуразиялық топ атынан білім беру ұйымдарының өкілдері марапатқа ие болды. Кейіннен шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Әйгерім Тоқпанқызы