«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 21-ші еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Жаз бойы өңірдің 10 ауданы мен 3 қаласында экология, құрылыс және еріктілер бағытында жастар еңбекке араласады.
Орталық жағалау алаңына облысымыздың әр ауданын сарбаздар келді. Олар табиғатты қорғау, көгалдандыру және абаттандыру шараларына ат салыспақ. Айта кетейік, биыл еңбек жасағында 2000 аса сарбаз нәпақа табады.
Русана Сулаймонова , «Жасыл ел» облыстық штабының командирі
Павлодар облысының 10 ауданы мен 3 қаланың сарбаздары бірге бас қосып осы жерде жаңа маусымды ашайын деп жатырмыз деп айтуға болады. Осы жылы жоспар бойынша 2000 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын боламыз. Соның ішінде жастарымыз 16 жастан бастап 35 жасқа дейін. Оның ішінде студенттік жастар мектеп оқушылары және жұмыссыз жастар.
Жастар сонымен қатар елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Биылғы маусымда еңбекақы мөлшері де өсті. Экология және еріктілер жасақтарының сарбаздарына 70 мың теңге, ал құрылыс жасақтарының мүшелеріне 100 мың теңгеден жоғары жалақы төленеді. Нұрай Шакибекова, Баянауыл ауданынан келді. Ол екінші жыл қатарынан экология отрядында еңбек етіп келеді. Ол туған өлкесінің табиғатын қорғауға өз үлесін қосуды маңызды санайды.
Нұрай Шакибекова, «Жасыл ел» жасағының сарбазы
Ең біріншіден бұл жерде жұмыс ақша емес, табиғатқа деген көзқарасымды дұрыс ұстау. Табиғатымызды қорғау және де Баянауыл туристік жер, туристер көп келеді. Соның тазалығы біздің қолымызда болсын деп дұрыс санадым.
Міне, 2000-нан астам сарбаз орталық жағалаудан аттанып, туған өлкесінің табиғатын сақтап, қоршаған ортаны қорғау бағытында белсенді іске кіріседі.
Әйгерім Тоқпанқызы