Павлодарда қала күніне орай жаңа заманауи кофейня ашылды. Академик Қаныш Сәтбаев көшесіндегі 15-үйде орналасқан «Сквер 15» дәмханасында классикалық эспрессо мен капучинодан бастап, авторлық сусындарға дейін түрлі дәмді тағамдар татуға болады. Толығырақ ашылу салтаннатына қатысып қайтқан тілшіміз толықтырады.
Мекеме иелерінің айтуынша, «Сквер 15» — бұл жайлы орынды, дәмді кофені және жайлы жерді бағалайтын жандарға арналған ерекше жоба. Жаңа орын – шаһардың мәдени картасында өзіндік орнын иеленіп, тұрғындар үшін тағы бір сүйікті мекенге айналуы мүмкін.
Кирилл Кузьмин, кофейня басқарушысы
Бірінші концепция – Brew кофеханасы. Мұнда өзіміздің арнайы дайындалған кофе ұсынылады. Сонымен қатар жаңа пісірілген тәттілер бар. Қонақтар келіп, кофе сатып алып, оны өзімен бірге алып кете алады. Екінші концепция – кафетерий. Бұл – отбасылық форматтағы мекеме, мұнда балалармен бірге келуге ыңғайлы. Үлкен ойын бөлмесі қарастырылған. Кафетерий таңғы сағат 8:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Үшінші жоба – этникалық тағамдар рестораны «Беш» болады. Біз «Сквер 15» ашылмас орналасқан үйге ауқымды дайындық жұмыстары жүргіздік. Тұрғын үйді боядық, шатырды тазаладық, автотұрақ аймағын абаттандырдық, қасбеттік тақталарды қойып, бұталарды отырғыздық.
Кофейняның ерекшелігі – әдемі интерьер, сапалы кофе және жылы атмосфера. Бұл – тек сусын ішетін орын ғана емес, павлодарлықтардың жаңа демалыс орны болмақ.
Қадиша Беготаева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Здесь не только открывается само здание благоустрйство прилегающее ... Бұл жерде тек ғимарат қана ашылып отырған жоқ, сонымен қатар оның маңайындағы аумақ абаттандырылды. Бұнда қоқыс салатын контейнерлер, орындықтар және кіші архитектуралық элементтер орнатылды. Бизнестің қатысуы арқылы қала тұрғындарына жайлы орта пайда болды. Сонымен қатар, осы жоба аясында кішкентай саябақ – мини-сквер де ашылды. Осы орайда кәсіпкерге жайлы орын жасағаны үшін алғыс білдіремін.
Кәсіпкерлер мен жергілікті қоғамның бірлескен еңбегі нәтижесінде тұрғындарға жайлы әрі қолайлы орта жасалды. Бұған қоса, қала мәдениеті мен өмір сапасын арттыруға өз үлесін қосты.
Әйгерім Тоқпанқызы