Павлодарда кішкентай баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. 3 жасар бала көпқабатты үйдің балконынан құлап, ауыр жарақат алған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Толығырақ келесі сюжетте.
Қайғылы оқиға 19 шілде күні Павлодар қаласындағы Ладожск көшесінде орналасқан көпқабатты үйде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, үш жасар бала ата-анасының қарауынсыз қалып, үшінші қабаттағы балконнан күнқағардың үстіне құлаған. Бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Алайда алған жарақаттары тым ауыр болып, келесі күні, 20 шілде күні көз жұмған. Қылмыстық іс қозғалды.
Дильназ Қуанышбекқызы