Павлодар облысында дезинсекция маусымы аяқталды. Тиімділігі 90 пайызды құрап отыр. Өңір басшысы салалық басқарма және ғылыми топтың өкілдерімен қансорғыштармен күрес барысын талқылады. Жауапты ведомстванның ақпаратынша, биыл күрес тиімділігі 90 пайызға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 пайызға жоғары.
Сонымен, 29 сәуірден 31 мамырға дейін 448 авиациялық ұшу орындалды, оның барысында 172 000 гектарға жуық жайылма аумақ өңделді. Оның ішінде 293 ұшып шығу - биологиялық препараттарды қолданумен, 155 - химиялық заттарды қолданумен жүзеге асты.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Жұмыстар 10 ұшақпен жүзеге асты, олар облыстың барлық аудандарын қамтыды. Одан бөлек, қолжетімсіз аумақтар бүріккіштер пайдаланылды. Әуедегі өңдеудің тиміділігі 90 пайызды құрады. Дернәсілдердің дамуы әлбетте су шаруашылығындағы жағдаймен байланысты. Өңірдің жоспарланған аумағына 5,77 кубокилометр су жіберілуі тиіс еді, бірақ биыл 6,3 кубокилометр жіберілді. Жайылма жердің 90 пайызын су басты. Ағымдағы жылы судың деңгейі бір қалыпты болды, өңдеу ойдағыдай болды.
13 мамырдан 5 маусымға дейін Аққулы ауданының Бесқарағай ауылынан Железин ауданының Моисеевка ауылына дейін 3 рет өзен өңдеуі жүзеге асты. Дернәсілдерді өңдеуге 300 мың литр биопрепарат қолданылды.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Сондай-ақ, Мичуриннан Ақсуға дейінгі аумақ өңделді. Одан бөлек, Железин ауданынан Ертіс ауданына дейінгі жағалау сызығы өңделді. Тиімділігі 84,4 пайызды құрады.
8 мамырдан бастап облыс орталығында және Ертістің сол жағалауында тосқауыл іс-шаралары басталды. Аудандарда 12 мамырда басталды, биыл жоспарланған 59 емес, 66 жағалаудағы елдімекенді қамтыды.
Сағын Төлеутаев, Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы
Биыл бірінші рет Қожамдардан Ынталыға дейін қайықпен өңдеу жүргізілді. Заманауи технологиялар пайдаланылды. Дезинсекторлардың мобильді бригадалары құрылып аудандарға барды. Тиімділігі 88,8 пайызды құрады. Екібастұздағы жағдай жіті бақылауда болды.
Шағымдардың төмендеуінің оң динамикасымен дезинсекция нәтижелері расталады: үш жыл бұрын тұрғындардан — 1 317 өтініш, 2023 жылы-151, өткен жылы — 83, осы жылы — 46 өтініш келіп түсті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Айтып кететіндей жаңағы жұмыстардың тиімділігі 90 пайызға жетті. Бұл көрсеткішке қол жеткізу оңай болмады. Табиғатпен күрес оңай болмады. Әрі қарай да жүргізу бізге міндет. Бұл жұмысты тоқтатуға болады. 760 мың халқының 3-2нің алаңдататын мәселе. Әрі қарай да жалғастырамыз.
Қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, алдағы үш жылға авиаөңдеу көлемін 172 мың га деңгейінде сақтау жоспарлануда. Асайын Байханов осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеуді және қазір дезинсекцияның келесі маусымына дайындықты бастауды тапсырды.
Самал Қалиқызы