50 жастан асқан ер азаматтарда қуық асты безінің қатерлі ісігі жиі кездеседі. Көбінесе сырқат асқынған кезде науқастар дәрігерге жүгінеді екен. Қатерлі ісіктің бұл түрінде 1-2 кезеңде операция жасап емделуге болады, дейді онкологтар. Кезекті отаға алматылық дәрігерлер де қатысты.

Операциялық үстелде жатқан науқастың жасы 62-де, қуық асты безінің қатерлі ісігі анықталған. Екінші кезеңде. Бүгін оған алматылық және павлодарлық дәрігерлер шеберлік сабағы аясында лапароскопиялық ота жасады.

Хусан Өмірзақов, қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкоурология орталығының басшысы.

Бұл оталар сіздерде Павлодарда ылғи жасалады. Біздің мақсат тәжірибе алмасу. Біз сіздердің дәрігерлерден, сізден бізден білмеген жақтарды үйреніп жатырмыз. Ал, жалпы бұл простата безіне оталар біздің елдегі барлық онкоорталықтарда жасалады. Шағын инвазивті, лапароскопиялық әдіспен жасалады. Жарақаттану жағы аз.

Ульфат Боромбаев, Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің бөлім меңгерушісі

Бүгінгі операция жеңіл емес әрине. Қуық асты безінің көлемі 60 дициметр. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде жылына осындай 15 операция жүргізіледі. Олардың 60 пайызы лапороскопиялық түрде жасалады. Оталар науқастың жасы, қатерлі ісіктің кезеңіне байланысты. Бәріне бірдей жасала бермейді.

Емделуші бір аптаның ішінде аяққа тұрып, ауруханадан шығады, деді дәрігер. Жалпы қуық асты безінің қатерлі ісігі біздің елде ерлер арасында жиі кездеседі екен. Ер адамдар қатерлі ісіктің бұл түрі асқынып кеткенде ғана мамандарға жүгініп жатады.

Хусан Өмірзақов, қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкоурология орталығының басшысы.

Ер адамдар уақытында дәрігерге жүгінбейді. Аденома деп ойлайды. Көп жағдайда ол онкология болып шығады. Осы ретте 50 жастан асқан ер азаматтарға ПСА онкомаркерін өтуге, урологқа баруға кеңес беремін. Бұл қатерлі ісік 1-2 кезеңде емделеді.

Павлодар облыстық онколониялық диспансеріне жыл басынан 46 адам қуық асты безінің қатерлі ісігімен есепке алынған. Жалпы есепте қазір аталмыш сырқатпен 568 адам тұр.

Самал Қалиқызы