Павлодар қалалық қылмыстық істер бойынша сотында қаржылық пирамида құрып, жарнамалағандарға үкім шықты. Жәбірленушілер саны 50-ден асады. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Павлодарда «ТАКОРП» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан. Азаматтар жалпы сомасы 59 млн теңгеге алданған. Айыпталушылар 2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында күдіктілер «Такорп» қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды.

Ғалиасқар Қасымов, Павлодар облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

2024 жылы қазанда Рамазановқа қатысты қылмыстық іс тіркелді. Ол қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесін ашқаны анықталды. 59 адам онда алданған, жалпы сомасы 59 млн теңгені құрайды. Такорп сайты болған, сонда азаматтар кіріп тіркелген. Біреулер 100 АҚШ долларын, біреулері 1000 АҚШ долларына дейін салған. Өткен жылы сайт жабылды, пирамида жұмысын тоқтатты.

Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бүгін қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында екі азаматқа қатысты үкім шықты.

Думан Серікбаев, Павлодар қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

ҚР ҚПК 118, 177, 178, 387, 390,393, 395, 398, 401 баптарына сәйкес сот Рамазановты құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚР ҚК 217 бабының 2 пункті 3 бөліміне сәйкес оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 7 жыл қаржылық, коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет етуге тыйым салынады. Ал, айыпталушы Чабанов кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арызы қанағаттандырылды.

Самал Қалиқызы