үгінгі таңда Үкімет алдында тұрған басты қадамдардың бірі – елдегі кәсіпкерлік секторына жан-жақты қолдау көрсету. Осы орайда "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жаңашылдықтар енгізілді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер үшін несие бойынша мөлшерлемені біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында субсидиялауға жататын несие көлемі де ұлғайтылды.
Рустам Қасымов, «ДАМУ» ҚДҚ АҚ Павлодар облысы бойынша ӨФ директорының орынбасары:
Өзгертулерге сәйкес мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша портфельді субсидиялау мен ішінара кепілдендіру аясында бағдарламаға номиналды жылдық ставкасы 28%-дан аспайтын шағын қаржылық ұйымдар қатыса алады, олардың 50 % мемлекет өтейді..
Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Бизнес бастау» жобасының түлектеріне портфельді субсидиялау мүмкіндігі беріледі. Бұл несиелер бойынша максималды жылдық мөлшерлемесі 20 пайызды құрайды. Оның 6 пайызын кәсіпкер төлесе, қалған айырмашылықты мемлекет өтейтін болады.
Рустам Қасымов, «ДАМУ» ҚДҚ АҚ Павлодар облысы бойынша ӨФ директорының орынбасары:
Несиелендіруді максималды сомасы – 20 миллион теңгеге дейін. Инвестициялық мақсаттарға арналған субсидиялаудың мерзімі 3 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру үшін 2 жылға дейін несие беріледі. Кепілдендіруді мерзімі несиенің мерзіміне әсер етуі мүмкін. Яғни, банктер инвестициялық мақсаттағы несиелерді 5 жылға дейін мақұлдай алады. Кепілдік осы 5 жыл бойы жұмыс істейді. Бірақ, субсидиялау 3 жылға дейін жүзеге асырылады. Фонд тарапынан 85 пайызға дейін кепілдік беріледі.
Берілетін субсидия көлемі кәсіпкерлерге лизингтік компанияның хаты негізінде және электронды форматтағы төлемдер кестесі негізінде төленеді. Бұл тұрғыда банктер мен лизингтік компаниялар субсидиялаудың тиісті сомасын бағдарламаның нормаларына сәйкес есептейді. Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін 30 жуық өтініш келіп түскен.
Дархан Ермағамбетов, кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің жетекшісі:
Мысалы, осы этапта 20 миллион, біздің жоспарымыз бойныша 4-5 грант болса, кей уақытта комиссияның ойынша жобалар нашар болса, онда бұл қаражат сол бюджетте қалады. Жалпы, 1 немес 2 грант емес, 5 гранттан аспау керек.
Бағдарламада экономиканың зардап шеккен секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдау шаралары қарастырылған. Яғни, "Даму" қорына екінші деңгейлі банктерден мен лизингтік компаниялардан несиелер бойынша сыйақы ставкаларын субсидияланады. Карантин уақытында шығынға ұшыраған секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындар ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін өтініш бере алады.
Әйгерім Бозанбаева