Павлодар қалалық мансап орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы мүгедектігі бар азаматтарға көңіл бөлінді.

Қазір мансап орталығында 300-ге жуық мүгедектігі бар азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және қызметке орналасуға тең мүмкіндік жасау мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Сандуғаш Рахметова, Павлодар қаласы мансап орталығының маманы

Бүгін кісілерге үлкен мүмкіндік бар осындла келіп, көптеген бағыт-бағдар ала алады лсы мекемелер арқылы. Мұнда көбіне отдел кадрдан – барлығынан келіп отыр. Уже бұл кезде бетпе-бет сөйлеседі адамдар бір-бірімен. Жұмысқа орналасу кішкене жеңілірек болады. Неге? Өйткені мұнда барлықтары өздері клеіп отыр.

Шараға 20-дан астам жұмыс беруші қатысты. Олардың басым бөлігі –білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мекемелер.

Марат Мұстафин, Қ. Бекқожин атындағы ЖОББ мектебінің шаруашылық меңгерушісі

Орталыққа келіп отырған себебім – бізде 3 вакансия бар. Біреуі – техничканың вакансиясы, екіншісі – дворник керек, одан кейін бізге сантехник керек. 5-6 адам келді. 5-6 адам келіп, сұхбат алып, осылай кетті. Енді тағы да келетін шығар деп ойлаймын. Біздікі ені мемлекеттік мекеме болғаннан кейін ай сайын еңбекақысын алалды, бәрі заңды түрде. Ойлаймын, енді осы вакансияларға адамдар келеді деп.

Жәрмеңке қала тұрғындары үшін бос жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа тұру жолдары мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері жөнінде кеңес алуға жақсы мүмкіндік болды.

Жұлдыз Қабылденова