Достық үйінде дәстүрге айналған «Senat Open» ашық кубогының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Биыл жарысқа қатысушылар қатары көбейіп, санаттар саны да айтарлықтай артқан. Толығырақ әріптесім жалғастырады.
Қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылған Senat Open ашық шахмат турнирінің іріктеу кезеңі биыл да жоғары деңгейде өтті. Шараның ашылу салтанатында сөз алған облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бәкір Демеуов мұндай турнирлер елімізде, оның ішінде өңірлерде шахмат спортын дәріптеп, дамытуға зор серпін беретінін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирге қызығушылық жыл сайын артып келеді. Биыл 200-ден астам әуесқой шахматшы додада бақ сынады. Қатысушылар саны ғана емес, санаттар қатары да кеңейе түскен. Бұл жолы жарысқа депутаттар, қала және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.
Жарыстың келесі кезеңі Қостанай облысында өтеді. Оған бүгінгі турнирден үздік шыққан 35 ойыншы қатысып, өңіріміздің намысын қорғайтын болады.
Жұлдыз Қабылденова