Кенді шаһарда ұлттық рух пен спорттық бәсекені тоғыстырған ауқымды дода өтті. Екібастұз қалалық ипподромында ұйымдастырылған «EKIBASTUZ CUP» турнирі Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес елден келген шабандоздар мен жүйріктердің басын қосты.
Турнир бағдарламасына 1200, 1600, 1800 және 2000 метр қашықтықтағы бәйгелер, көкпар және 18 шақырымдық аламан бәйге енді. Павлодар облысымен қатар Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларынан және Қырғыстаннан келген қатысушылар өз бақтарын сынады.
Жазира Қуандықова, "Qazaq jockey club" республикалық қоғамдық бірлестігінің менеджері, ұйымдастырушы
Иә, бізде аттардың көбісі фавариттар. Барлығы таза қанды ағылшын тұқымы. Әлем ойынша ең шапшан жылқылар. Жәкейлер кәмелетке толған классикалық атшабыста. Олардың салмақтарында ограничения болады, оның бәрін есептейді қандай жылқылаға қандай салмақ болу керек екенін.
«Zhenis Cup» бәйгесінде Орталық Азияда туған алты жүйрік қатысты. Көпшілік назары маусым бойы тұрақты нәтиже көрсеткен Милтанға ауғанымен, мәреге бірінші болып алматылық Абадан Зор жетті. Ал «Ekibastuz Gran Prix» жарысында он екі сәйгүлік бақ сынады. Мықтылар арасынан суырылып шыққан Атлас Бой бас жүлдені иеленді. 1200 метрлік «Ekibastuz Sprint Cup» турнирдің ең жылдам әрі тартысты жарыстарының біріне айналды. Бұл бәйгеде Лайт тзе Торч мәреге алғаш жетті. Турнирдің шарықтау шегі 2000 метрлік басты «Ekibastuz Cup» бәйгесі болды. Халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген жүйрік Роузензу бұл жолы да бабында екенін дәлелдеп, бас бәйгені қанжығасына байлады. Жәкей Олжас Берекеұлы да класссикалық ат шабыста тәжірибесі мол екендігін көрсете алды.
Олжас Абдыхамит, «Ekibastuz cup» турнирінің жеңімпазы
Ол Америкадан 2025 жылы келген. Былтыр дайындап қостық, өте керемет результат көрсетті, соған сеніп алып келдік. Жүлделер көп. Сол атпен былтыр екі скачканы ұттым. Алматы ииподромында 2000 метрді, кейін 1600 метрді ұттым, ал соңғы скачка 2400 метр онда екінші орынды алып қалдым.
Дәстүрлі дода 18 шақырымдық аламан бәйгемен қорытындыланды. Ұзақ қашықтықта алматылық Маржан жүйрігі қара үзіп келді. Дүбірлі додаға 10 мыңға жуық көрермен жиналды. Тайлы-таяғы қалмай ипподромға ағылған тұрғындар жүйріктердің шабысына сүйсініп, шабандоздарға қолдау көрсетті.
Жомарт Ахаев, Майқайың кентінің тұрғыны
Ат спортын өте қатты дамытып жатыр, алдымызда жүрген ағаларымызға көптен-көп рахмет. Біріншіден бұл қрпаққа тәлім-тәрбие, екіншіден, халыққа демалыс, үшіншіден аттың қадірін білу үшін ұрпаққа өсиет ғой.
Марат Акишев, Ақкөл ауылының тұрғыны
Бүгінгі той өте күшті, қызықты, тартысты өтіп жатыр. Қаншама халық жиналды. Бізде мұндй 15-20 жыл бұрын осындай бәйге болған. Онда қомақты сыйлықтар болмаған, мұнда автокөілік, 1 млн, 2 млн сияқты қаншама приздар қойылып жатыр.
Дастан Әйтімов, Павлодар қаласының тұрғыны
Павлодар облысынан келіп отырмын арнайы Екібастұзға. Бәйге өте тартымды, ұйымдастырушылық бәрі өте жақсы.
Аталған жарысты Екібастұз қаласының әкімдігі мен ұлттық спорт жанашырлары бірлесіп ұйымдастырған. Сонымен қатар өңір кәсіпкерлері де қолдау білдірді. Топ жарған сәйгүліктердің иелеріне автокөлік кілттері табысталса, жүлделі орындарға қомақты қаражат ұсынылды. Екібастұзда өткен дүбірлі дода ұлттық спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай ауқымды жарыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.
Қымбат Садық