Павлодар қаласында жастардың әскери дайындығын шыңдап, патриоттық рухын көтеруге бағытталған «Жас бүркіт-2026» әскери-патриоттық жиыны өтті. Ауқымды шараны 5512 және 6679 әскери бөлімдері бірлесе ұйымдастырды.

Жиынға 5512 әскери бөлімінің сарбаздары, Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері және «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының мүшелері қатысты. Қатысушылар әскери дайындық пен физикалық шеберлікті талап ететін бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Жастар белтемірге тартылу, күштік жаттығулар орындау, пневматикалық винтовкадан нысана көздеу, АК-74 автоматын бөлшектеу және қайта жинау, сондай-ақ әскерилендірілген эстафета бойынша бақ сынасты. Сайыс барысында қатысушылар ептілік, төзімділік және жылдамдықтарын көрсетті.

Сабина Жолдаспаева