Жастар бастамаларын дамыту орталығында халықаралық отбасы күніне орай жүкті келіншектерге арналған Бэйби шауер пати ұйымдастырылды. Шараға биыл 100-ге жуық болашақ ана қатысты.

Жүктілік кез келген әйел үшін жауапты әрі маңызды кезең. Бұл уақытта ол өзі үшін ғана емес құрсағында соғып тұрған екінші жүрек үшін де жауапты. Болашақ ананың әр іс әрекеті, психологиялық, моральдық жай күйі баласына әсер етеді. Сондықтан дәл осы кезеңде оны қолдаған абзал. Бұл ретте дәстүрлі түрде Бэйби шауер пати ұйымдастырылады.

Бақытгүл Қуанар, Павлодар қаласының тұрғыны

Иә бірінші балам болғанна кейін қорқыныш бар. осындай шаралар өте дұрыс деп ойлаймын.

Бэйби шауер патиге қатусышылар арасында тәжірибесі мол көпбалалы аналар да, алғашқы сәбилерін күтіп жүрген жас қыз-келіншектер де болды. Олар мамандармен кеңесіп, өзге жүкті әйелдермен тілдесіге, сырласуға мүмкіндік алды.

Жансұлу Әмірқанова, Павлодар қаласының тұрғыны

Мен жасым 19 да. Бұл менің алғашқы жүктілігім. Қуаныштымын, өте әдемі бәрі өтіп жатыр. Аниматорлар, сыйлықтар дайындалыпты. Бізге қазір 19 апта. Болашақ қыздың анасымын. Жүктілігім өте жақсы өтіп жатыр.

Жандарбек Қабдраш, жастар бастамаларын дамыту орталығының бөлім басшысы

Бүгінгі шараның негізгі мақсаты – болашақ аналарды психологиялық қолдау, демеушілік көмек беру. Шараға 10-ға жуық демеуші келіп, көмек көрсетіп жатыр. Бұл көпшілік арасында өте танымал брендтер. Оған қоса писхолог, акушер гинеколог, доул маманы, эндокринологты шақырдық, жүкті әйелдерге спикер ретінде ақпарат ұсынады.

Шара Халықаралық отбасы күні аясында өтті. Жалпы 100-ге жуық жүкті келіншек қатысты. Оларға демеушілер атынан түрлі сыйлықтар тасбысталды.

Самал Қалиқызы