Облыстық мәслихат депутаттары Ақсу қаласының бас жоспарының жобасын бекітті. Жобаның мазмұны қандай? Ақсу қаласының 2045 жылғы әлеуметтік-демографиялық әлпеті қалай болжануда? Мәслихат отырысында өзге қандай мәселелер қаралды? Тілшіміз айтсын.

Павлодар облысының бюджеті 550 млрд теңгеден асты. Оның 22 млрд теңгесі республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер болса, қалған 7 млрд теңге субвенция.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Нақтыланған бюджетте республикалық трансферттерді қысқарту бойынша енгізу бар. Май ауданында лимандық суару жүйесінің трансферті 1 млрд 300 млн теңгеге қысқартылды. Ауыл шаруашылығы басқармасында субсидиялау өзгерістері өсімдік шаруашылығы, тұқым шаруашылығы енгізілді. Нақтылған облыстық бюджеттің көлемі 554 млрд 900 млн теңге. Оған қоса мақсатты трансферттер ренспубликалық бюджеттен 22 млрд 300 млн теңгені құрап отыр.

Енді архив ісі мамандығы жеке санатқа өтеді. Осылайша, бұдан былай архившілер мемлекеттен тиесілі үстемақыға қол жеткізе алады. Айта кетейік, архив саласынан жылына 200-дей адам жұмыстан кетеді екен. Оған себеп - мардымсыз жалақы.

Ирина Назарчук, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

Азаматтық қызметкерлер деген қызметкерлері тізімін архив ісі деген мамандықпен толықтыруды ұсынамын. Осыған орай Павлодар облысы әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу керек болып тұр. Бұрын архив ісі қызметкерлері мәдениет саласының қызметкерлері деген тізімде болатын. Енді қазір олар архив ісі мамандығы деген жеке санатқа өтті. Яғни қаулыда ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге жалақысына 25 пайыздық үстеме туралы шешім қабылдауымыз керек. Бюджетте олардың үстемеақысына қаржы құралдары қарастырылған.

Сессия отырысында Ақсу қаласының бас жоспарының жобасы таныстырылды. 2025 жылы энергетиктер шаһарында 51 мың тұрғын болса, 2025-2032 жылдары бұл сан 53 мыңға жетпек, ал 2045 жылы 57 000 тұрғын болады деп жоспарланып отыр. Соған сәйкес шаһар аумағы да кеңейе түспек.

Бақытжан Әлімғазинов, Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Аумақтың жобалық шешімдеріне байланысты тұрғын үйлер қаланың оңтүстік бөлігінде салынады. Бас жоспардың өзгерістері аясында 5-9 қабатты үйлерді салу жоспарланып отыр. Жеке тұрғын үй құрылысы Черемушка, Беловка, Ақсу шағын аударындарында жүргізіледі.

Бұдан бөлек, бас жоспарға сәйкес Ақсуда жаңа әлеуметтік нысандар бой көтереді. Оның ішінде 6 мектеп, 8 балабақшаның құрылысы басталмақ. Беловка мен Черемушка шағын аудандарында медициналық мекемелер салынады.

Бақытжан Әлімғазинов, Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Инженерлік инфрақұрылым туралы айтсақ. Ақсу ЖЭО-ғы қаланың энергия беретін бірде бір көзі. Бас жоспарда жүктемені жабу үшін желілерді модернизациялауды қарастырып отыр. Жылумен қамту бойынша, Ақсуда бұнымен екі кәсіпорын РОК 2 мен «ЕЭК» АҚ айналысады. Бас жоспарда жаңа аумақтарды жылумен қамту үшін магистарльдерді салу да жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, сессия отырысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау қағидалары шешімінің жобасы ұсынылды.

Самал Қалиқызы