Павлодар өңірінің мәдениеті мен телевизия саласының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі – Әнуар Қалиев. Ол – облыстық телеарнаның тұңғыш режиссерлерінің бірі, театр мен телевизия өнерін қатар дамытқан талантты жан. Бүгінде оның еңбегі мен өнегелі ғұмыры ұмытылмай, ел жадында сақталып келеді.

Қоғам қайраткері Әнуар Қалиев 1931 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол – өңірдегі алғашқы театрдың қалыптасуына үлес қосқан актер әрі режиссер, облыстық телевидениенің алғашқы жобаларын ұйымдастырған мамандардың бірі. 1965 жылы жаңадан ашылған облыстық телеарнаға қызметке келіп, түрлі телебағдарламалар мен спектакльдерді сахналады. Сол кезеңдегі техникалық мүмкіндіктің шектеулі болуына қарамастан, көптеген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарды. Әріптестері оның еңбекқорлығы мен өнерге деген шынайы жанашырлығын ерекше құрметпен еске алады.

Күлжахан Өмірбаева, телевизия ардагері

Әнуар Қалиев тұңғыш режиссердің ассистенті болып істедім. Ол кісімен біз бірсыпыра аудандарды, совхоздарды аралап, еңбек ардагерлерімен телевидениеде съемкалар жасап, командировкаларға шығатынбыз. Ол кезде қиындау болды. Ол кісі сондай ергезек, дамыл таппайтын адам еді. Телевидениеге театр мен филароминяны шақырып, басқа қаладан да қонақтарды шақыратын. Майра хабарын ұйымдастырған еді. Жақсы кісі болды, ақкөңіл, еңбекшіл еді. Ол кезде оңай болмады. Бірнеше ауданға бару қиын боды.

Әнуар Қалиев жастайынан ұлттық өнер мен қазақ руханиятының дамуына қызмет етті. Ол – облыстық телеарнаның қалыптасуына еңбек сіңірген тұңғыш режиссерлердің бірі, шығармашылық саласында өзіндік қолтаңба қалдырған тұлға. Театр мен телевизияны қатар алып жүріп, талай жас маманға бағыт-бағдар берді. Оның есімі өңір мәдениеті мен телевизия тарихында ерекше орын алады.

Сабина Жолдаспаева