Павлодар қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты. Оқиға 14 мамыр күні тіркелді. Өрт шамамен 3 гектар аумақты шарпыған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жедел әрекет нәтижесінде өрт түнгі сағат 1де оқшауланды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Әсет Сердалин, Павлодар облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары
Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы штаб құрылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 35 техника мен жеке құрамның 60 қызметкері жұмылдырылды. Өрт ошақтарына су құйылып, топырақ себу арқылы сөндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ су тасымалдау ұйымдастырылды. Өрттің әрі қарай таралуына жол бермеу мақсатында екі арнайы сөндіру учаскесі құрылды.
Анықталғандай, қалдықтарды жинақтау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған. Осыған байланысты полигонға қызмет көрсететін жауапкершілігі шектеулі серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Сабина Жолдаспаева