Бүгін қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, зерттеуші, жазушы Олжас Сүлейменовтің туған күні. Тұтас түркі жұртының сөзін түгендеп, тарихи бастауын зерделеген кемеңгер 90 жасқа толды.

Олжас Сүлейменов – қазақ халқының ғана емес, күллі түркі әлемінің рухани өмірінде алар орны ерекше. Оның шығармашылығы, өзіндік болмысы, ел дамуына қосқан үлесі шексіз. Ал, Олжас Омарұлының қазақ әдебиетінде алар орны тіпті сөзсіз бөлек.

Серік Елікбай, жазушы, әдебиеттанушы

Кеңестік кезеңде «Жер адамға табын енді» поемасымен, орны бөлек болды. Олжас Сүлейменовтың қазақ әдебиетінде алар орны бір бөлек.

Олжас Сүлейменовтің кеңестік әдебиеттің цензурасынан аман қалып, біздің жанымызда қатар жүруі – бұл үлкен олжа, дейді әдебеиттанушы, жазушы Серік Елікбай. Жалпы Олжас Сүлейменовті оқымай әлем әдебиетін тану мүмкін емес.

Самал Қалиқызы