Павлодарда жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған кездесу өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жоғары сынып оқушылары үшін арнайы көрме мен таныстыру шарасын ұйымдастырды. Кездесудың мақсаты жас буынға мемлекеттік органдардың қоғамдағы рөлін түсіндіру және болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беру.

Шара барысында оқушыларға ауыл шаруашылығы басқармасының қызметі жан-жақты таныстырылды. Өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің даму бағыттары туралы ақпарат берілді. Мамандар саланың бүгінгі мүмкіндіктері мен болашағына да тоқталды.

Хамза Оразбеков, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Кездесу барысында оқушылар басқарманың қызметімен, аграрлық салада жүзеге асып жатқан жобалармен, ауыл шаруашылығын дамытудың заманауи тәсілдерімен және мемлекеттік қолдау шараларымен таныса алды. Сонымен қатар жауапкершілік, кәсібилік және қоғамға қызмет ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. Мен аймақтық кадр резервінің өкілі ретінде жастармен тәжірибе бөлісіп, оларды өңірдің дамуына белсенді атсалысуға ынталандыру маңызды деп есептеймін.

Кездесуде мемлекеттік қызметтің маңызы, жауапкершілігі және жастар үшін мансаптық мүмкіндіктер мәселесіне ерекше назар аударылды. Аймақтық кадр резервінің өкілі мемлекеттік қызметші болу үлкен сенім мен адалдықты талап ететінін атап өтті.

Хамза Оразбеков, Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Бүгінде мемлекеттік қызмет ел игілігі жолында еңбек етуге дайын, бастамашыл, білімді әрі отансүйгіш жас мамандарды қажет етеді. Осындай шаралар жастармен ашық диалог орнатуға, оқушылардың мемлекеттік органдардың қоғамдағы рөлін терең түсінуіне және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.

Жастармен жүйелі жұмыс жүргізу және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру – маңызды бағыттардың бірі.

Сабина Жолдаспаева