Қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Арман Бекбосынов хабарлағандай, аяқталмаған құрылысты дамытудың үш нұсқасы бар. Бұл барлық жұмыстарды тоқтату, екіншісі-инвестор іздестіру, үшіншісі-меншік иесі нысанды құрылыс материалдарына бөлшектейді. Құрылысы аяқсыз қалған нысандардың басым бөлігі - кәсіпкерлік қызмет объектілері. Бүгінгі таңда Ертіс өңірінде бұндай 26 объект бар. Оның 15-і Павлодарда, 6-ы Ақсу қаласында және 5-і Екібастұзда.

Арман Бекбосынов, қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы:

Жыл соңына дейін біз бес нысанның мәселесін шеше алмаймыз.  Ал, қалған 21 құрылыстың 10 аяқталады деген үміттеміз.

Ардақ Қаңтарбаев, Екібастұз қаласының әкімі:

Жалпы сегіз нысан тұрып еді. Бүгінгі таңда бесеуі қалды. Бесеуінің екеуі биыл нақты осы санаттан шығайын деп отыр. Қалған үш оюъект қалады. Солардың ең қиыны - 2 Энергетиктер 27 мен Энергетиктер 27А мекенжайы бойынша орналасқан толық құрылысы аяқталмаған ғимараттар бар. Сол бойынша сотқа бердік. Сот істері басталып жатыр. 

Нұржан Әшімбетов, Ақсу қаласының әкімі:

Бізде 6 нысан. Қазір біз үш нысанға «Принуждения к строительству» деген талап дайындадық. Бір насан бойынша, құжаттар жібердік. Олардың рұқсат қағаздары жоқ. Екі объектінің жерлерін алайын дегенбіз. Өтініш барлығын жаздық. Осы 6 нысанның біреуі ғана биыл үйді бітіремін деп жоспар құрып жатыр. Қалғандарымен жұмыс жасап жатырмыз. Жердің мемлекетке қайтару және объектінің құрылысын бітіру жөнінде.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов құрылысы аяқталмаған нысандарға мониторинг жүргізуді тапсырды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, құрылысы ұзақ объектілердің аумағында аббаттандыру тәртібін сақталуын бақылауға алынсын. Заң бойынша құрылысы аяталмаған нысандардың иелерімен аяқтау туралы жұмысты жалғастырсын. Сатып алу үшін инвесторларды іздестіру қажет.

 

ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

Сонымен қатар, жиын барысында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі қаралды. Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Бектас Дәуітековтың айтуынша, біздің өңірде 173 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның 160-ына облыс тұрғындары е-гов порталы арқылы қол жеткізіп отыр. Қызметтердің 98,8% электронды түрде ұсынылған. Осы ретте Успен ауданында қызметтердің 7,9% - ы әлі күнге дейін қағаз түрінде жүзеге асырылады.

Николай Дычко, Успен ауданының әкімі:

Біз жағдайға талдау жүргіздік. Ауылдарда техникалық қамтамасыз ету – 100 %. Бұл жұмысты күшейтеміз.

Жиын соңында өңір басшысы қала және аудан әкімдерінің назарын вакцинация жұмыстарына, сондай-ақ эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейту қажеттігіне аударды.

Аяулым Рахымжанова