Драматург Ерсайын Төлеубайдың «Кербез келіндер» атты премьерасы көрермен назарына ұсынылды. Аталмыш пьесасы қалың көпшілікке ұнайтыны сөзсіз. Өйткені комедия жанрындағы бұл спектакль бүгінгі күннің өзекті тақырыбын көрсетуде.
Ержан Қауланов, қоюшы-режиссері:
Мынау қазіргі өздеріңіз білесіздер отбасындағы келін туралы әңгімелер, тартпа тақырыптар көп. Соның бірі біздің театрдың мынау көтеріп отырған мақсаты қазіргі мынау келіндер келін болып түскеннен кейін қандай тәрбиеде, қандай ұлттық құндылықтарымыз сақталып жатыр мына отбасыда.
Аталмыш қойылымға әртістер бір жарым ай дайындалған. Театр ұжымы спектакль арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл-күйден бөлек, отбасындағы құндылықтарды, бүгінгі тұрмыс-жағдайды көрсетуге тырысты.
Әйгерім Сүлейменова, Ж.Аймауытов ат. қазақ драма театрының әртісі:
Бұл спектакльде ең үлкен келін Жымиған рөлі маған бұйырды. Қазіргі уақыттағы тұрмыс-жағдайды көрсетеді. Қазіргі келіндер мысалы бұрынғы келіндер мен салыстырғанда айырмашылықты көрсетеді. Енді ата мен ененің арасындағы қазіргі уақыттағы тәрбие.
Ержан Қауланов, қоюшы-режиссері:
Отбасында мынау ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейді. Сондықтан біз көбінесе келіндерден көріп жатамыз кетіп жатқан кезде. Сондықтан мынау біз мұны басқа жағынан қарастырып, мүмкін кінә осы ата-енеден ба екен. біз келінге қарай аламыз ба дегендей.
Рухани азық алам деушілер театрға келместен бұрын, «Ашық» қосымшасын жүктеп алғаны жөн. Айта кетейік, аталмыш комедияны демалыс күндері де тамашалауға мүмкіндік бар.
Әсем Бекмұрза