Кескіндемеден мүсінге дейін. Экспозицияда қазақстандық және павлодарлық суретшілердің өнер туындылары қойылды.

Асыл Арғын, көркемсурет мұражайының маманы:

Бұл көрмеде павлодарлық, қырғызстандық 100-ден астам жұмыстары ұсынылады.  Осы авторлардың арасында Александр Бибин, Өсербай Шорановтың суретшілердің жұмыстары ұсынылған.

Көрмеге келген өнер сүйер қауым әртүрлі жанр мен техникада жасалған 113 туындыны тамашалай алады. Оның ішінде кескіндеме, графика және мүсін де бар. 

Эльмира Арынова, көркемсурет мұражайының бөлім басшысы:

Жалпы бұл көрме арқылы еліміздің даму жолын, кезеңдерін көруге болады.  Соңғы 30 жылда суретшілер шығармашылық бағытта тәуелсіз, өз ойын еркін жеткізетін шаққа жетті. 

Жалпы тәуелсіздік алған 30 жылда Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы 1500 жәдігермен толықты. Ал, аталмыш көрме жыл соңына дейін жалғасатын болады.   

 

Самал Қалиқызы, Кристина Касперович