Студенттер усолка жағасын тазалады
Қала жастары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысуда. Бұл жолы олар шаһардың қай бөлігін тазартуға шықты? Алдағы сюжеттен көрейік.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. «Таза старт» іс-шарасына қатысушылар Усолка өзенінің жағасын қоқыстан тазалады.
Анастасия Легович, жастар бастамаларын дамыту орталығы еріктілік орталығының инспекторы
Біздің мақсат – еріктілер қозғалысын насихаттау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және үлгі көрсету арқылы өзгелерге демалыстан кейін тазалық сақтау керек екенін көрсету. Сондықтан біз бұл аумақта да, басқа жерлерде де тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Әртүрлі аудиторияны қамтимыз, яғни орта жастағы еріктілер де бар, мемлкеттік қызметшілер және түрлі сала өкілдері атсалысады. Бірақ, әрине, жастардың бос уақыты көбірек болғандықтан, олар ең жоғары беленділік танытады. Оған қоса өскелең ұрпақ арасында табиғатқа ұқыпты қарау мәдениеті жақсы дамыған.
Сенбілікке шаһардағы еріктілер ұйымдарынан, колледждер мен жоғары оқу орындарынан елуден аса студент жиналды. Олардың қатарында мұндай іс-шараларға алғаш рет қатысып отырғандар да болды.
Расында да, табиғат аясына демалуға келушілер көп. Өкініштісі – олардың бәрі бірдей қоқыс пен қалдықтарды жинап кетпейді. Осы себепті табиғатты қорғауды насихаттап, оған ұқыпты қарауды санаға сіңіру аса маңызды. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы игі шаралардың әлі де жалғасын табатынын айтады.
Жұлдыз Қабылденова