Негізгі Жаңалықтар Студенттерге мемлекеттік қызметке келудің мүмкіндіктері айтылды

Студенттерге мемлекеттік қызметке келудің мүмкіндіктері айтылды

Жастарға мемлекеттік қызметке келудің мүмкіндігі мол. Әсіресе жоғары оқу орнының түлектеріне. Бүгін облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері жоғары білім алушыларға осы жайынды толымды мәлімет берді. 


Кездесуге келген студенттердің көпшілігі өздерін болашақ мемлекеттік қызметкер ретінде көреді. Алайда, салаға жол тартудың алғашқы қадамдарын біле бермейді. Департамент өкілдері бұл тұрғыда кеңінен мәлімет берді. Әсіресе түлектерге мүмкіндік мол. 

Студенттер де көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Мүмкіндікті пайдаланып, жан-жақты ақпарат алуға тырысты. 

Мемлекеттік қызмет еліміздің дамуына тікелей ат салысатын сала. Жауапкершілігі мол, білімі терең, қажырлы жастар келсе, қадау-қадау істердің атқарылары сөзсіз. Бұл тұрғыда студенттер ой түйіп, шешімге келетіндіктерін айтуда. 

Кездесу аясында зияткерлік ойын түрі де өтіп, жеңімпазға «Оқитын ұлт» ұлттық марафоны аясында тізімге енген кітіптардың бірі сыйланды. 


Бөлісу