Студенттер экологиялық ойындарға қатысты
Павлодарда болашақ құрылысшыларға арналған экологиялық ойын-сабақ өтті. Студенттер қоршаған ортаға ұқыпты қараудың негізгі қағидаларымен танысты. Сондай-ақ экологиялық жауапкершіліктің күнделікті өмірге және келешек ұрпақтың қауіпсіздігіне әсерін талқылады.
Әдеттегі дәрістің орнына қатысушылар интерактивті тапсырмалар орындап, командалық ойындарға қатысты. Практикалық жағдайларды да талдады. Мәселен, студенттерге Павлодардағы аулалардың бірінің суреті көрсетілді. Олар суреттен экологиялық талапқа қайшы әрекетті анықтауы керек болды. Кейін жастар мен еріктілер мұндай әрекеттің салдарын бірге талқылап, мәселені шешудің өз нұсқаларын ұсынды.
Арина Краскова, «Jasyl el» Павлодар облыстық штабының басшысы
Сонымен қатар 100 литр суды күнделікті қажеттіліктерге дұрыс бөлуге арналған ойын болды. Қатысушылар өз шешімдерін түсіндіріп, таңдаған нұсқаларын қорғады. Ал ең қызықты ойындардың бірі «Эко-тиндер» деп аталды. Жастар әртүрлі заттар мен материалдарды үш санатқа бөлуі керек еді. Олар қайта өңделетін, қайта пайдалануға болатын және өкінішке қарай, қайта өңдеуге келмейтін заттарды ажыратты. Ойын мен тәжірибе арқылы қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың және қалдықтарды сұрыптаудың маңызын түсіну жеңіл.
Командалық тапсырмалар да оңай болған жоқ. Студенттер мұқияттылық пен тапқырлық танытып, экологиялық жауапкершіліктің негізгі қағидаларын еске түсірді. Кейбір тапсырмалар қиындық туғызғанымен, қатысушылардың барлығы белсенділік танытып, ойындарды қызығушылықпен орындады.
Александр Вознюков, студент
Бүгін экологиялық шара өтті. Біз топтастарымызбен бірге қатыстық. Мұнда «Детектив» деген ойын. Ойындардың бірінде 100 литр суды күнделікті қажеттіліктерге бөлу керек болды. Бұл маған қатты ұнады.
«Жасыл ел» ұйымы мұндай экологиялық ойындарды өңірде тұрақты түрде өткізеді. Бастама қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып отыр.
Сабина Жолдаспаева