Мейрам Өтешев, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Соңғы тәулікте балабақшалардың жұмысы бойынша сұрақтар көп түсті. Сондықтан жұмысын бастады. Сондай-ақ, коменданттық сағатта жүріп тұруға рұқсатнама алу бойынша көптеген өтініш келіп түсті. Оны жіті бақылап отырмыз.

Кәсіпкерлер мен бизнес субъектілерінің иелері үшін мемлекеттік статистикалық есеп пен салықтық есеп тапсыру мерзімі де ұзартылды. 

Жәнібек Нұржанов,  мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

20 қаңтарға дейін салықтық есеп тапсырылады. Сондықтан оған дейін дайын болса, интернет пайда болған уақытта тапсыра беруге болады.

Сонымен қатар, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер толық көлемде  беріліп жатыр. Бюджеттен операторларға түсті, кесте бойынша екінші деңгейдегі банктерге берілетін болады.

Юрий Губарев, еңбек, әлеуметтік қорғау және миграция департаментінің басшысы:

Жаңа жылдан бастап зейнетақылар мен барлық әлеуметтік төлемдер 5 пайызға индексацияланды. Жұмыстар жүргізілді, яғни шоттарға түскен қаржы есептелініп жаңа көлемде түсті. Бірақ мына техникалық жағдайға байланысты біртіндеп алуға болады.

Сондай-ақ, бүгін еріктілер қан орталығында Алматы қаласының сұранысы бойынша қан тапсырды. Бұл жайында денсаулық сақтау басқармасы басшысы да біраз ақпарат ұсынды.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бізден бірінші топтағы қан сұраған еді. Соны біз Нұр Сұлтан қаласы арқылы жібердік. Орталықта әркез қан тапсыратын адамдардың тобы бар, солар келіп тапсырды. Жалпы  бірінші топтағы 78 доза, яғни 23 литр қан жіберілді.

Жалпы өңірде комендаттық сағат әлі де жалғасады.  Сонымен, ертеңнен бастап орталық алаң маңындағы дүкендер мен сауда нысандары жұмысын бастайды.

 

Самал Қалиқызы