Жан Ақжанов 8 кітаптың авторы, бірақ бұл ол үшін шектеу емес.  Өзінің жеке кітапханасында «Дәрігер жолы», «Күн түнде күледі», «Дала мен тағдыр», «Тәтті жаңбыр», «Вакцинация» сынды кітаптары бар. Ол қоғамда өзектілігін жоғалтпайтын тақырыптарды әдемі көркем тілмен жазып береді. 

Жан Ақжанов, публицист, кітаптың авторы:Кітабымда басты кейіпкер Руслан. Ол қиын өмірлік жағдайға тап болады. Ол осы ортадан, қоғамнан арылу үшін білім қажет екенін түсінеді. Ол үшін әрине, иммунитет, сенім, күш пен үміт керек. Осылайша оның вирус пен табиғат туралы білімі өз өзін құтқаруға көмектеседі.

Вирус туралы кітап жазу идеясы пандемия кезінде келген. Туындысын бір жыл бойы жазған. Сан түрлі әдебиеттерді қопарып, дұрыс, фактке негізделген мәлімет іздеген. Автордың сөзінше, қарапайым халық вирус туралы көп ақпарат білмейді, сондықтан түкке негізделмеген сөздерге сене береді. 

Жан Ақжанов, публицист, кітаптың авторы:

Осымен үшінші жыл қатарынан медициналық кітап жазып жатырмын. жалпы медициналық кітаптарды жазу оңай емес. Терминдерді, диагностиканы, емдеу мен препарататтарды  білу керек. Кей кездердеде ақыладамасын, кейді өзім, кейде тіпті ақпарат ғаламторда толып тұрады.  

 Медицина бізді қоршап тұр. Мәселен, «Медбике» кітабында медициналық қызметкерлердің қызметі мен жұмысы, мақсаты толығымен сипатталып жазылды. Ал, «Вакцинация» кітабы көптің көңілінен шыққан.    

Жан Ақжанов, публицист, кітаптың авторы:

Мен жастарды ғаламторда отыра бермей, бір уақыт кітап оқуға, оның ішінде көркем әдебиет оқуға шақырамын.   

Жан Ақжанов вакцина туралы білім таяз, ақпараты аз адамдар оны салдыруға қорқады дейді. Егер тереңірек қазса бәрі осы тиісті әдебиеттің, ақпараттың жетіспеушілігінен орын алады. Мүмкін «Вакцинация» кітабын оқығаннан кейін елімізде екпеге деген сенім артып, көзқарас та өзгерер.  

 

Евгения Мягченко