Мына бейнеде көріп тұрғандарыңыздай Набережная көшесі 3 мекенжайындағы үйде егеуқұйрықтар емін еркін билеп алған. Олар подъездеде, қоқыс құбырында бар. Тұрғындар өз үйлеріне өздері кіруден қорқады. Улайтын заттар көмектеспейтін көрінеді.
Дмитрий Мерзявко, набережная көшесі №3 үйдің тұрғыны:
Егеуқұйрықтар болды және болады да. Өзім барып улайтын құралды сатып аламын. Мәселені қоқыс құбырларын бекітіп тастап қана шешуге болады. Қоқыс жәшігін алыс қою керек.
Осындай мәселемен Толстого көшесі №68 үйдің тұрғындары да таныс. Егеуқұйрықтар аталмыш мекенжайға да кіріп кеткен. Себебін, сол баяғы қоқыс құбырларымен байланыстырып отыр.
Ксения Мұхтарова, толстого көшесі №68 үйдің тұрғыны:
Менің ойымша да қоқыс құбырларын дәнекрлеп тастау керек. басқа жол жоқ.
Басқарушы компанияда проблема бұрын тіпті ушыққан еді дейді. Қоқыстың жиналуы мен егеуқұйрықтардың қаптауын өзара шешуге тырысып жатыр. Себебі жағдайды реттегісі келетіндер шамалы. Тұрғындар аула тазалығымен қатар денсаулықтары үшін де алаңдайды. Себебі кеміргіштер түрлі инфекциялық ауруларды таратады.
Юлия Варламова, «ЯХТА» ЖШС директорының орынбасары:
Бұл үйде егеуқұйрықтардың бары бұрыннан белгілі. Біз жағдайды реттегенбіз, қоқыс құбырын жауып тастадық. Биыл бізге улау жұмыстарына арзан зат берді, одан егеуқұйрықтар мүлдем қаптап кетті.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінде мәселемен таныс. Биыл егеуқұйрықтарды жою үшін тиісті шараларды жасаймыз деп сөз берді.
Арслан Қалиякбаров, ТҮКШ бөлімінің бастығы:
Биыл бұл жұмыстарға 700 млн теңге бөлінді. Яғни алаңдар мен қоқыс жәшіктерін орнатуға. Қазір конкурстық шаралар жүргізілуде. Қала бойынша 400 алаң жасаймыз.
Қазіргі таңда Павлодар қаласында 9000 қоқыс контейнері орнатылған. Қоқыс белгіленген тәртіп бойынша шығарылады.
Самал Қалиқызы, Евгения Мягченко