Бұдан кейін облыс әкімі Асайын Байхановтың жұмыс сапары Аққулы ауылында жалғасты. Өңір басшысы су құбырының құрылысымен, аудандық аурухананы жөндеу барысымен танысып, күрделі жөндеуді қажет ететін "Айналайын" балабақшасына барды. Тілші тарқатады.

Аймақ басшысы жұмыс сапары аясында Аққулы ауданында салынып жатқан су құбыры нысанына барды. Қазіргі таңда аудан орталығында жүргізіліп жатқан су жүйесінің 90 пайызы дайын. Су тазарту станциясы 15 қыркүйекте жеткізіледі. Одан кейін монтаж жұмыстары жалғасып, нысанды қазан айында толықтай іске қосу жоспарланып отыр. Жоба толық жүзеге асқанда, аудан халқы 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етіледі. Бұл – өңірдегі өзекті инфрақұрылымдық мәселелердің бірі шешімін табады деген сөз.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Скажиналардың аралары 80-80метрден 5 литр секундына. Скажина 4 уеі жұмыс істейді. 2 резеврный. 2 постоянный. Біз автоматтический частотниктер қоямыз. 15 күннен қосылып отырады. 15 күн екінші скажина су тұрып қалмағандай. Существующий 2 мың куб 15/25. Енді қашан аяқтайсыздар ыры мен жыры қашан бітеді. Қазір 90 пайыз жұмыс бітіп тұр. 15 қыркүйек күні станция отчистки келеді. Бір ай тестовым режиме жұмыс істетеміз.

Кездесу соңында облыс әкімі мердігер компанияға су құбырын тұрғындардың игілігіне уақытында пайдалануға беруді тапсырды. Бұдан кейін өңір басшысына аудандық ауруханадағы сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, жылу және желдету желілерінің күрделі жөндеу жұмыстары таныстырылды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Әбден тозған. Аққан. Кәдімгі ағаш чопиктерді қағылған. Шешім қабылдаған едік. Аурухананың инженерлік құрылымды жаңартамыз. Жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеп аурухананың жөндеуін жасайық. Едендері бәрі ескі. Бүкіл халық осы жерге келеді ғой.

Қазір ауруханада бір бөлімше жұмыс істейді. 8 адам қабылдауға қауқарлы. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өтуде. Ендігі мақсат – жөндеу жұмыстарын бастау үшін қажетті қаржыны республикалық немесе облыстық бюджет есебінен бөлу. Айтьа кетейік ауданда бірнеше ірі жобалар жүзеге асырылмақ. Өңір басшысына білім беру, спорт пен мәдениет саласында да 3 жобадан таныстырылды. Бұдан бөлек 5 ауылға жол салу проектісі ұсынылды. Дегенмен облыс әкімі кей жобалардың тиімділігіне күмән келтіріп, олардың кейбірін қолдамады. Бөлінетін қаражат тым көп деп айтты.

Сапар соңында облыс басшысы 1970 жылы салынған "Айналайын" балабақшасына барды. Мекеме 2004 жылдан бері ешбір жөндеуден өтпеген. Қазір 56 бала тәрбиеленіп жатыр. Үш топта бір жастан үш жасқа дейінгі балалар бар. Жөндеу жұмыстарына арналған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтуде. Жоба құны – 232 миллион теңге. Эөндеу жұмыстары жақын уақытта бсталады.

Әйгерім Тоқпанқызы