Баянауылда «Жасыбай» ұлттық паркінде Паралимпиадалық және Паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 26-шы облыстық спартакиада өткізілді. Оған ерекше қажеттіліктері бар адамдар қатысты. Мақсаты -салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және дене шынықтыруды дамыту.

Спартакиада қатысушылары спорттың 7 түрі, яғни үстел теннисі, жеңіл атлетика, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, оқ ату және волейболдан жарысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша 4-ші орында Павлодар облысының командасы, үшінші орында – Ақсу, екінші орында-Екібастұз өкілдері болды. Ал спартакиаданың жеңімпазы Павлодар командасы болды.

Самал Қалиқызы