Шаһарымызда ұлттық спортты ұлықтаған айтулы шара – садақ атудан өткен әуесқойлар турнирі өтті. Бұл жарыс «Jebe» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылды. Доданың қалай өткенін, кім топ жарғанын – тілшіміз әңгімелейді.

Додаға аймақтың әр түкпірінен 30-дан астам мерген жиналды. Ұлттық болмысты дәріптеуді мақсат еткен дода – тек мергендік сын емес, ұлттық рух пен салт-дәстүрдің көрінісі болды. Турнир шарттарының бірі – қатысушылардың қазақтың ұлттық киімін киюі – шараға айрықша сән берді..

Амангелді Егінбай , « Тұран» садақ ату орталығының жетекшісі

Енді бүгінгі шара дәстүрлі садақ ату ұлттық спортты насихаттауға өткізілді. Жебе бірлестігінің 10 жылдығына орай. Жебе қоғамдық бірлесітігіміз осы ұлттық құндылықтарды спортты наихаттауда үлкен жұмыстар атқарып жүр. Сол үшін садақ ату спортын таңдадық. Жарыс өте бір тартысты өтті деп ойлаймыз. 00.47 Склейка 01.01 Ұлттық спорттың кез келген түрін көрген адам рухы көтеріліп, көзі жанып, спортқа деген махаббаты арта түседі.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Бас жүлдені Әлемдік таэквондо федерациясының бас төрешісі Қален Сұлтанғазин иеленсе, екінші орынды «HALYQ RADIOSY»-ның бас редакторы Бекболат Сауырбай жеңіп алды. Ал үшінші орынды «ERTIS» телеарнасы директорының орынбасары Сағындық Оразалинов қанжығасына байлады. Сайыс барысында нәзік жандылар да мергендіктерін паш етті. Қыздар арасындағы жарыста Павлодар ауданы, Чернорецк ауылынан келген Айбота Бахытхан бірінші орынды қанжығасына байлады.

Қален Сұлтанғазин , әлемдік таэквондо федерациясының бас төрешісі

Негізі ұлттық спортты дәрпітеп , осындай маңызды жобалар көбеюі керек. соған үлес қосуға бәреміз атсалысуымыз керекпіз. 01.00 СКЛЕЙКА 00.26 Жігіттермен бірге жарысып қызықты сәтте болдық деп ойлаймын.тағы да жарысқа түсеміз деген ойымыз бар.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Ұлттық рух пен мергендікті ұштастырған сайыс қатысушылардың да, көрермендердің де көңілінен шықты.

Салтанат Бауыржанқызы