Соңғы кезде Павлодар облыстық кардиологиялық орталығында симультантты оталар жиі жасалатын болды. Бір уақытта жүрек пен тамырларға жасалатын отаның түрі. Бұл инфракт мен инсультты алдын алуға мүмкіндік береді екен.
62 жастағы емделуші кардиологиялық орталыққа миокарт инфрактісімен түскен. Бірінші кезеңде жүрекке жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бір тамырына стендттеу жасалды. Әрі қарай ем барысында науқаста ұйқы безі тамырының жіңішкеріп кеткені анықталды. Сондықтан симультантты ота жасау ұсынылды.
Сәбит Жүсіпов, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының бөлімше меңгерушісі
Бізге 62 жастағы науқас түсті. Оған аорто-коронарлық шунттеу операциясын жасау жоспарланып отыр. Бірақ оның ұйқы безінің тамырлары жіңішкеріп кеткен. Бұл өте қауіпті себебі, ота кезінде инсульт алып қалу қауіпі бар. Осы ретте екі отаны бірге жүргізуді көздеп отырмыз. Яғни тамырды бітеп тұрған бөлікті алып тастаймыз, аорто-коронарлық шунттеу жүргіземіз. Бір уақытта екі ота жасалмаса, инсульт болып қалуы мүмкін.
Кардиохирургтар және тамырлы хирургтардың бірлесіп жұмыс жасауы нәтижесінде ота көп жағдайда сәтті аяқталып жатады.
Сәбит Жүсіпов, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының бөлімше меңгерушісі
Біз жылына түрлі деңгейдегі 1000-нан астам операция жасаймыз. Соңғы кезде жүрек қан тамырлары аурулары бар науқастар қатары көбейіп кетті. Қант диабетімен келгендер қатары жиілеп кетті. Одан бөлек, ұйқы безіне жасалатын оталар артты. Ауыр, жеңіл оталар деп бөле алмаймыз. Себебі, операция барысында техникалық қиындықтар туындап жатады.
Соңғы кезде жүрек–қан тамыр ауруларының жасарғаны жасырын емес. Ал, сол жастарға ауыр оталарды жасау оңай емес дейді мамандар.
Сәбит Жүсіпов, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының бөлімше меңгерушісі
Иә, өкінішке қарай соңғы кезде тамырлардың зақымдануы бойынша пациенттер жасарып келеді. Бұл адамдардың күнделікті өмірі, азық түлік сапасына байланысты. Соңғы келген жас науқас 23 жаста. Жақында ғана келіп кетті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ұйқы безіне жасалатын оталар шамамен 1 млн теңге көлемінде, ал сақтандырылған азаматтар үшін бұл операциялар тегін.
Мұрат Райханов, Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының бөлімше меңгерушісі
Бұрын осындай пациенттерге кезең кезеңімен ота жасау ұсынылатын. Яғни бірінші не тамырға, не жүрекке жасалатын. Бірақ бұл жағдайларда не инсульт, не инфаркт болып қалу қаупі бар. Ал, қазір бірлесіп жасалып жатқан оталар осындай ауыр сырқаттардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұрын осы операцияларды жасайтынмыз, бірақ қиын болды. себебі тамырлы хирургия біздің корпустан, орталықтан алыс орналасқан еді. Ал, мында тамырлы хирургия бөлімшесі ашылғалы осындай оталарды жасау жиіледі. Мысалы жыл басынан бұл 6-шы ота.
Симультантты оталардың құны негізі 1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін жетеді. Ал, МӘМС аясында әлбетте тегін жүргізілетінін, еске салды дәрігерлер.
Самал Қалиқызы