20 тамыздан бастап облыс орталығында қоғамдық көлік маршруттары жаңартылады. Оңтайландыру сынақ түрінде іске қосылады. Қазір қалада 30 автобус маршруты қатынайды. Соның ішінде 2 маршрут жабылып, 11 маршрутты сәл өзгереді.
Маршруттарды жаңарту қала бюджетіне түсетін салмақты азайтып, автобустардың нақты жолаушыларға ыңғайлы жүруі үшін қолға алынды. Қай бағыттың қажет екені – жолаушылар саны, табыс пен шығын мөлшері ескеріліп анықталды. Яғни, аз адам мінетін, тиімсіз маршруттар жабылып немесе өзгертіледі.
Әнуарбек Аманов, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары
Қала әкімдігі қолданыстағы маршруттық желілерге талдау жүргізді. Онда қозғалыс сызбалары, бағыттардың жалпы қашықтығы, жолаушылар ағыны сияқты деректер зерттелді. Нәтижесінде бірқатар бағыттардың тиімсіз екені, кейбірінің бір-бірін қайталайтыны анықталды.
Ануарбек Амановтың айтуынша, оңтайландыру жолаушылар үшін бірқатар артықшылықтар береді, мысалы, жолақы құны сақталады. Сонымен қатар жаңа енгізілімдер де бар.
Арслан Мақсұтов, Павлодар қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы
№24 және №38 маршруттары негізінде қала маңына қатынайтын және қалалық желілерге ауысып мінуге арналған соңғы аялдамалары бар тасымалдау маршруттары ұйымдастырылады. Бұл шалғай ауылдар мен елді мекендерді қаланың негізгі нүктелерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Жаңа сызба тиімділікті арттырып, көлік қолжетімділігін жақсартады. №38 автобус Айнаколь ауылынан Атамекен кенті арқылы Прибрежный шағын ауданына дейін.№40 автобус Теміржол кенті – АЦТО аялдамасына дейін. №41 Жетекшіден АЦТО ға дейін №44 автобус Павлодарскоедан Прибрежныйға дейін,ал №66 автобус Мойылдыдан Теміржол вокзалы дейін.№24 автобус бірінші Долгое бастап Байдалы – Кенжекөл – Ладожская көшелерін жүріп өтеді.
Сондай-ақ, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін бұл маршруттарда қалалық көлікке 60 минут ішінде тегін ауысу мүмкіндігі беріледі.
Талғат Тоқтағанов, «Smart Автобус Пв» ЖШС директоры
Мысалы, ауыл маңындағы маршруттарда жолаушы, Атамекеннен Прибрежныйға дейін төлем картасымен жол жүреді. Прибрежныйда қалалық автобусқа ауысып мініп, қайта картасын тіркейді — бірақ бұл жолы ақы алынбайды. Яғни екінші жол жүруі тегін болады. Бұл мүмкіндік картамен немесе кең таралған «Автобус» қосымшасы арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар қазіргі уақытта кіші санаттағы автобустарды орташа санаттағы автобустармен алмастыру жалғасуда. Сонымен қатар №5 және №6 маршруттар тоқтатылады.
Арслан Мақсұтов, Павлодар қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы
№6 маршрут бойынша жылына 39 000 транзакция тіркеледі .Күніне шамамен 105 теңге. Жылдық табыс – 4,2 млн теңге. Қызмет көрсету шығындары 53,8 млн теңге. Осылайша, шығындардың табыстан бірнеше есе көп болуы №5 және №6 маршруттарын тасымалдаушы мен бюджет үшін тиімсіз етеді.
Оңтайландырылатын маршруттар:
№1, 1Э, 17, 21, 24, 31, 38, 40, 41, 44, 66
№1 және №1Э маршруттары біріктіріліп, 15 автобуспен қызмет көрсетіледі.№21 және №22 маршруттарының қозғалыс сызбасынан бірін-бірі қайталайтын көшелер алынып тасталады. Бұл екі маршрут біріктірілмейді, тек №21 маршрутының бағыты өзгереді.
Арслан Мақсұтов, Павлодар қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі» мм басшысының міндетін атқарушы
Негізгі өзгеріс Сәтпаев көшесімен Естайға дейінгі бөлік алынып тасталып, Назарбаев даңғылына шығатын болады.
Жолаушыларға ыңғайлы болу және кері байланыс үшін WhatsApp-та қызу желі іске қосылады: +7 775 157 8959. Бұл нөмір арқылы азаматтар өз сұрақтарын қойып, маршруттарға қатысты кеңес ала алады.
Дильназ Қуанышбекқызы