Ата Заңның 30 жылдығына орай Павлодар облыстық Әділет департаментімен Достық үйінде азаматтарға арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Тұрғындар әділет органдарының мамандарына құқықтық сауалдарымен жүгіне алды.

Қала тұрғыны осыдан бірнеше жыл бұрын алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Айта кетйік біздің өңірде алдын ала мәлімет бойынша 66 адам 426 млн теңгеден астам қаражатты әртүрлі банктерден несиеге алып, алаяққа ұстатқан. Қазір ол азаматша ұсталды, бірақ зардап шеккендердің сұрақтары әлі ашық. Сондықтан әділет органдарының мамандарына кеңеске келген.

Сергей Саломаха, қала тұрғыны

Бізді алдаған азамат 6 жылға сотталды. Бірақ сот ісі бойынша оның жанында сыбайластары жоқ делінген, бірақ бір адам қалай құжаттарды жасап, мындай алаяқтықты істей алады. Енді мында келіп тұрған себебім, бізге банктер бойынша қарыздарды төлеп берсе екен деп келдім. Жарты миллон теңге қарыз бәрімізге санағанда. Мен екі банктен 9 млн көлемінде алғанмын.

Азаматтар осы сияқты сұрақтармен адвокаттарға, әділет органдарының мамандарына жүгіне алды. Павлодар облыстық Әділет департаментімен тегін заң көмегі ұсынылатын ашық есік күні ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Маржан Имятова, Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы

Аталмыш акциялар бізде республикалық деңгейде өтеді. Күні кеше ғана біз аумақтық нотариалдық палата алаңында «Әр азаматқа – құқықтық көмек» атымен шара өтті. Онда да біз азаматтарға нотариалдық сауалдары бойынша көмек ұсындық. Ал, бүгін адвокаттардың көмегімен ашық есік өткізіп жатырмыз. Адвокаттар мен ауданаралық сотының судьясын шақырдық. Көмек алғысы келетін азаматтар келіп жатыр.

Азаматтарды қабылдау барысында көбінесе атқарушылық іс жүргізу, сот орындаушылардың қызметі бойынша сұрақтар көптеп келеді екен.

Арман Соғымбаев, Павлодар қалалық адвокаттар алқасының меңгерушісі

Азаматтармен тұрғын үй заңнамасы, жер қатынастары заңнамасы аясындағы сұрақтар көтеріледі. Биыл Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы рақымшылық туралы заңға қол қойған еді. Осы ретте бірақатар азамат оған жатады, сәйкесінше ары қарай өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік береді. Осы сұрақтар бойынша сотталғандардан, туыстарынан көп хат келеді қазір.

Айта кетейік, Павлодар облыстық Әділет департаментімен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Заңнамалардағы жаңашылдықтар мен өзгерістерді түсіндіру жұмыстары әркез қарқынды жүргізіледі.

Самал Қалиқызы