Күн суыта тұрғындар ыстық су және жылу мәселелерін сөз ете бастайды. Сондықтан, өңірімізде жылыту маусымына дайындық жалғасуда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандары, қаладағы тұрғын үйлердің 83 пайызы жылуды қабылдауға дайын деп сендіріп отыр. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.
Энергия көздерінде 14 энергия блогын, 24 қазандықты, 5 турбинаны және 3 түтін мұржасын қоса алғанда, негізгі жабдықтың 46 бірлігін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 20 бірлік жөнделіп, 19 бірлік жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал 7 бірлік бойынша жөндеу мерзімі әлі басталған жоқ.
Ержан Иманзаипов, Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы
Электрмен жабдықтау желілерінде 2115 км желіні және 712 бірлік жабдықты жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта 1280 км желі және 513 бірлік жабдық қалпына келтірілді.Жылумен жабдықтау желілерінде 31,1 км құбырды жөндеу жоспарланған. Бүгінде 28,7 км жөнделіп, бұл жалпы көлемнің 92%-ын құрайды. Қалғаны — 2,4 км. «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Павлодар қаласында 9,8 млрд теңге аясында ұзындығы 6 км болатын жаңа ТМ-20А жылу магистралінің құрылысы жүзеге асырылуда.
Қыстың қамын жазда ойлап, ертерек қамдану орынды. Осы орайда жылу желілерінің жоспарлы гидравликалық сынақтары өтіп, аяқталды. Нәтижесінде қаланың оңтүстік желі аймағында 69, ал солтүстік ауданда 51 ақау анықталды. Еске салайық, жылу желілерін тексеру шілде айының соңы мен тамыз айының басында басталған еді.
Ержан Иманзаипов, Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы
Екібастұз қаласында 21-23 шілде аралығында үш кезеңнен тұратын жылу желілерін гидравликалық сынау бойынша шаралар өткізді, 143 ақау анықталды. Бүгінгі күні 337 қазандық 467 білім беру нысаны 269 денсаулық сақтау мекемесі (88%) және 2104 тұрғын үй дайындалды.
Қазір шаһардағы 418 үйге ыстық су берілді, бұл жалпы санының 32 пайызын құрайды. Қалған 888 үйде әлі де ыстық су жоқ.
Арслан Айдарханов, Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы
Қазір ақауларды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімдік тарапынан 30 бригада, сондай-ақ «Жылу желілері» мекемесінен 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Барлық жұмыс қала және облыс әкімдігінің басты назарында. Жалпы, ыстық суды толық қосу мерзімі 25 тамызда аяқталады.
Сондай-ақ, 2 және 3-інші ЖЭО-нда жөндеу науқаны аяқталуда. Мұнда екі қазандық агрегатта және бір турбоагрегатта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сергей Кондратьев, «Павлодарэнерго» АҚ бас инженерінің орынбасары
2-ЖЭО-дағы №2 қазандық агрегатының, 3-ЖЭО-дағы №1 турбоагрегат пен №4 қазандық агрегатының күрделі жөндеуі аяқталды. Қазіргі уақытта 3-ЖЭО-дағы №6 қазандық агрегаты мен №6 турбоагрегатта, сондай-ақ 2-ЖЭО-дағы №3 қазандық агрегатында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.Сонымен қатар, 3-ЖЭО-дағы №2 қазандық агрегатында, 2-ЖЭО-дағы №1 қазандық агрегаты мен №3 турбоагрегатта кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстары жылыту маусымының басына дейін бекітілген кестеге сәйкес аяқталады.Басшылық тарапы кемшіліктер мен ақау тіркеген жоқ, Жылыту маусымына дайындық біздің басты назарымызда.
Сонымен, Павлодарда жылыту маусымына 1090 көпқабатты үй, Екібастұзда — 610 үй дайын. , ал Ақсуда тамыз айының ортасына дейін бұл жұмыс толығымен аяқталады. Тұрғындарды қатты отынмен қамту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазір өңірге 651 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған.
Қымбат Садық