Павлодар обылсының әкімі Асайын Байханов Ақсу қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда шаһардың алдағы жылу маусымына дайындығы тексерілді.

Жөндеу жұмыстарынан кейін жылу желілеріне гидравликалық сынақтар екі кезеңмен өткізілуде. Бірінші кезеңде 20 әлеуметтік нысан тексерілді, екінші кезеңде тағы 17 нысан қамтылды. Барлығы 244 көппәтерлі тұрғын үй сынақтан өтті.

Вадим Ковальчук, «Ақсу теплосервис» мекемесінің басшысы

Шекараларды магистральдік желілер бойынша бөліп, кейбір бөліктерді ажыратуға мүмкіндік жасадық. Қала аумағын жабу құралдары арқылы бөлдік. Бұған дейін біз тек магистральдік желілерді сынақтан өткізетінбіз, ал аулаішілік желілері тексерілмейтін. Қазір магистральдік те, аулаішілік те желілерді бір уақытта тексеріп жатырмыз одновременно.

Алғашқы сынақтарда 52 ақау анықталды, соның 38-і – магистральдік желілерде. Екінші кезеңде тағы 32 ақау тіркелді, оның 25-і – аулаішілік желілерінде. Ақсулық мамандар, іс жүзінде барлық магистральдар зақымданғандығын, тек Қамзин магистралі ғана аман екендігін айтты. Сондай-ақ, қала әкімі 19 маусымда соққан қатты желден кейін қандай жұмыстар атқарылғанын баяндады. Бүгінгі таңда дауылды желден кейін бізде барлық әлеуметтік нысандар қалпына келтірілді, тек бір денсаулық сақтау нысаны қалды» деді ол. Онда шатыр толығымен ауыстырылған, қалған кішігірім жұмыстар 15 тамызда тәмамдалады.

Болатбек Шәріпов, Ақсу қаласының әкімі

Білім, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту нысандары бойынша 100 пайыз төлем жүргізілді. Көппәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар 100 пайызға аяқталды Электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда. Бізде 10 тіректі ауыстыру және 17 тіректі түзету қалды. Жарық шамдарын ауыстыруды 10 күнде аяқтаймыз. Тамыз айының соңына дейін біз бәрін қалпына келтіреміз данный момент.

Артынша облыс әкімі жиын өткізді. Онда шаһарды абаттандыру мәселері қаралды. Сонымен қатар қоғамдық көлік мәселесі кеңінен талқыланды. 2025 жылы қалалық көлікті дамытуға 604 млн теңге бөлініп, оның 56 пайызы игерілген. Жыл басынан бері облыс әкімдігіне автобустар аралығының бұзылуы және бағыттарда кейбір көліктердің жоқтығы туралы шағымдар түсіп жатыр. Аймақ басшысы мәселені дереу дұрыстау керектігін айтты.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бәрін дұрыстауға екі апта уақыт беремін. Санитарлық талаптар, жүру кестесі қалыпқа келсін. Облыстан мониторигн жұмысын күшейтеміз. Біл бір. Екіншіден әрбір тасымалдаушы парктерін жаңарту жоспарын екі аптаның ішінде әкелсін.

 Осылайша, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Ақсу қаласының автобус паркі түгелдей жаңартылуы тиіс. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен қала әкімі көлік бөлімімен бірлесе отырып, маршруттық желіге талдау жүргізуі тиіс.

Жанасыл Серікбол