Биыл 14 шілдеден денсаулық сақтау заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді қант диабетімен ауыратын азаматтар үшін ем-дом мен дәрі-дәрмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – яғни, МӘМС аясында беріледі. Алайда қоғам бұл шешімді әртүрлі қабылдауда. Жаңа жүйе кімге тиімді, ал кімге қиындық туғызуы мүмкін? Толығырақ тілші материалында.
Павлодарлық Азиза Баритова қант диабетімен 18 жылдан бері күресіп келеді. Бүгінде ол мемлекет есебінен тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дегенмен, кей кездері қажетті инсулиннің уақытылы жеткізілмеуі салдарынан ем-домын өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болған кездері де жоқ емес. Азизаның айтуынша, соңғы жылдары дәрілік қамтамасыз ету жүйесінде оң өзгерістер байқалғанымен, кейбір кезеңдерде препараттардың жеткізілуінде іркілістер кездесіп тұрады. Бұл – созылмалы дертпен өмір сүретін науқастар үшін өте өзекті мәселе.
Азиза Баритова, Павлодар қаласының тұрғыны
Қант диабетімен ауырғаныма 18 жыл болды. Студенттік кезде бірінші санаттағы қант диабеті диагнозын қойды. Дерт анықталғаннан кейін бірден инсуллин қабылдай бастадым. Қазіргі өзгерістерге байланысты мен 3 топтағы мүгедектігім болғандықтан жәрдем ақы беріледі. Ал диагнозы бар бірақ жәрдемақы жоқ жандарға қиын болайын деп тұр. Менің жеке пікірім бойынша бұл заң халыққа тиімсіз сияқты.Себебі қазіргі кезде дәрі дәрмек қымбаттап жатыр.Инсуллиннің бағасы да аз ақша емес.
Кәмелет жасқа толмаған диабетпен ауыратын балалардың ата-аналары да алаңдаулы.
Әсем Сейлканова, Павлодар қаласының тұрғыны
Мен диаанамын менің балама 2 жас 7 ай диагоноз 1 жас 1 айында қойылды. Шын мәнінде ауыр тақырып біз үшін. Мүмкін бізді қоғам түсінбейтін шығар бірақ қазір менің балама 2 жас 7 ай ол 18 жасқа дейін жеңілдігі бар. Иә қазір мәмс арқылы оған төленетін болады, бірақ 18 жасқа толғаннан кейін не болады? Мені сол алаңдатады.
Осы мәселеге байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдап, түсініктеме алдық. Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық заманауи медициналық көмекті жақсартуға бағытталған.
Алмагүл Ахметжанова медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингтеу бөлімінің бас сарапшысы
Бұл ауру ең жиі кездесетін ауру. Республика бойынша 550 ден астам тізбеде тұрған аурулар болса, Біздің облыста 29 мыңнан асады.Оның ішінде әлеуметтік маңызы аурулар ретінде қалады. Ол барлық шарттар бұрынғыдай өзгермейді. Мәмс пакетіне халықаралық практикаға қарап, терапиясын күшейту нығайту заманауи әдістермен жасалған диагностикалық зерттеулер және де емдеу шарттары осы мәмс пакетіне кіргеннен бастап кеңейтіледі. Және де дәрі-дәрмек бойынша шектеусіз беріледі.
Мұнымен қоса, жұмыс істемейтін азаматтарға да қолдау көрсетіледі. Жергілікті атқарушы органдар жарнаны төлеуді өз мойнына алуы мүмкін.
Алмагүл Ахметжанова медициналық көмектің сапасын бағалау және шарттық міндеттемелерді мониторингтеу бөлімінің бас сарапшысы
Жұмыс істемейтін адамдар қазіргі таңда естулеріңіз бар шығар, жергілікті органдарда осы жарнаны төлейтін болады. Жеке санаттарға жергілікті органдардан да төлейтін болады.Жұмысқа қабілеті бар адамдар соннан сақтандырылады. Енді совсем сақтандырылмаған болса 51 теңге төлеп 1 жылға төлеп ала алады.
Сонымен, МӘМС жүйесіне енгізілген бұл өзгеріс қант диабетіне шалдыққандар үшін медициналық көмекті кеңейтуді мақсат еткенімен, халық арасында сұрақ көп. Ең бастысы – ақпараттың дұрыс әрі дер кезінде жеткізілуі. Ал бұл реформа науқастар үшін қолжетімді және сапалы медициналық қызметтің жаңа кезеңіне айналуы тиіс.
Дильназ Қуанышбекқызы