Успен ауданының Ковалевка ауылында «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдар бойы жөнделмеген жолдар биыл қалыпқа келтірілді. Ауыл тұрғындары тез әрі сапалы жұмыстарға дән риза. Толығырақ тілші сюжетінде.
Қозыкеткен ауылдық округіне екі ауыл кіреді, бұл Ковалевка және Қозыкеткен. Ковалевка ауылында 400-ден астам халық тұрады. Жылдар бойы тұрғындар жолдардың жөнделуін күткен еді. Биыл міне 3 шақырым жол асфальтталды. Оған бюджеттен 157 млн теңге жұмсалды.
Раушан Сәбитова, Қозыкеткен ауылдық округінің әкімі
2025 жылы Ковалевка ауылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасына енді. Соның арқасында мында кешенді жұмыстар қолға алынды. Алдымен, ауылішілік 3 шақырым жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жасалды. Жол белгілері қойылды. Ақпан, Тәуелсіздік, Остапенко көшелері толығымен асфальтталды. Сонымен қатар, ауылда воркаут алаң орнатылды.
Осылайша, биыл елдімекен жолдарының 60 пайызы жақсарды. Сонымен қатар, Ковалевка жалпы білім беру мектебі де «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеуден өтті. Есіктер мен еден ауыстырылды. Аулаға тастар төселді.
Ирина Болотникова, Ковалевка ауылының тұрғыны
Мен мердігерге осындай сапалы, тез жұмысы үшін алғыс білдіргім келеді. Біз тұрғындар өте ризамыз. Биыл бізге жақсы жағдайлар жасады. Жолдарымызды жаңартты, воркуат алаң қойылды. Енді тұрғындар жайлы жолдармен жүріп, спортпен айналыса алады.
Сонымен қатар, Қозыкеткен ауылында облыстық трансферттен 30 млн теңге бөлініп, орталық көше асфальтталды. Жалпы мында жолдардың 95 пайызы жақсы деңгейде деді округ әкімі.
Самал Қалиқызы