Биыл Аққулы ауданында бақша дақылдарының егіс көлемі 60 пайызға артып, 2 мың гектарға жуық жерге қарбыз бен қауын егілді. Қазір өнім 30 пайыз жиналды. Бұл науқан қыркүйек айына дейін жалғасады. Ауданға жұмыс сапарымен барған өңір басшысы егіс алқаптарын аралап, жергілікті шаруалармен кездесті. Толығырақ тілшіміз Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.

Аққулы ауданында бақша дақылдарын өсірумен айналысатын шаруалар өнім көлемін арттыру үшін заманауи әдістерді қолданып келеді. Жеке кәсіпкер Сәкен Темірғалиев қарбыз өсірумен 28 жылдан бері айналысады. Оның айтуынша, соңғы бес жылда енгізілген тамшылатып суару технологиясы құрғақшылыққа қарамастан тұрақты өнім алуға мүмкіндік берген.

Сәкен Темірғалиев, жеке кәсіпкер

1998 жылы бастадым содан бері міне егіп жатырмын. Орашаемый, капельный орашением егіп жатырмыз. Биыл 50 гектар ектім. Раниий, поздний, и средний. Енді бұны марттан бастаймыз. Ең бірінші рассада саламыз теплицаға. Где то 15-20 мың. Майдың басында әкеліп ең бірінші су тартамыз. Полив, содан кейін рассаданы саламыз. Дугамен жабамыз. Тепличный. Бес жыл бойы қолданып жатырмыз. Табиғат, оған түк істей алмайсың. Көктемде жаңбыр жоқ. Құрғақшылық, сондықтан ертерек қарбызды шығару үшін поливнойға көштік.

Шаруа қарбыздың экологиялық тазалығына ерекше мән беріп, химиялық қоспаларсыз өсіруді басты ұстаным еткен. Оның өнімі бүгінде облыс аумағынан тыс жерлерде де жоғары сұранысқа ие. Бүгінде Аққулы ауданында бақша дақылдарын өсірумен 26 шаруа қожалығы айналысады. Қауын мен қарбыздың 60-тан астам түрін егіледі.

Руслан Мұқанов, Аққулы ауданының әкімі

Жалпы бақша дақылдары 910 мың гектар бақша жақылдары отырғызылды. 2024 жылмен салыстырғанда өсу 60 пайызға бар. Не себептен өсу сондай үлкен. Былтыр аз отырғызған Шапуов. Биыл үлкейті алқаптарын. Оның ішінде қауын 1888 гектар салынды. Қалған дыня, тыква 22 гектарға. Қауын басты өнім болып тұр. Қауын қаншасы жиналды. Қауынның бәрі біткененй кейін иә.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Егіс алқабын аралағаннан кейін облыс әкімі жергілікті шаруалармен кездесті. Фермерлер төмен пайызбен несие алу мүмкіндігі шектеулі екенін айтты. .Сондай-ақ шаруалар бақша дақылдары егілген алқаптар үстінен үй жануарлары мен жабайы қабандар жүріп өтетінін айтып, бұл өнімге зиянын тигізіп жатқанын алға тартты. Өңір басшысы бұл мәселелердің назардан тыс қалмайтынын айтып, мемлекет тарапынан қолдау көрсететін түрлі бағдарламалар бар екенін еске салды. Сонымен қатар, ол шаруаларға нақты бизнес-жоспар құрып, қауын-қарбыз өнімін тек маусымдық емес, жыл бойына өткізу мүмкіндігін қарастырып, бизнесті әртараптандырудың жаңа тәсілдерін қолдануға кеңес берді. Бұдан кейін облыс әкімінің сапары Аққулы ауданының Шарбақты ауылында жалғасты. Онда мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бұған қоса нысанлы жылытатын жаңа қазандық салынған.

Жаңа қазандық – жылы мектеп

Руслан Мұқанов, Аққулы ауданының әкімі

4 мектептің қазандықтары ауыстырылды. Шоқтал, төсағаш, Майлыбай, Ямышев жалпы орта білім беру мектептерінде. Бүкіл манипультанды клапандар 100 пайыз. Көмір 7 мың 320 тонна бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер толық өткізілді. ИП алан групп. Осы айдың соңында көмірді толық жеткізетін болады. Қызып жанып жүрмесін. Жылыту маусымына ары кетсе 3 апта қалды. Әлеуметтік нысандардың бәрін қыркүйктің 10 на қарай қосамыз міндетті түрде. Ауа райына байланысты әрине.

Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталғанымен, нысанды аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Бұл не штукатурка ма? Отделка неден істеліген. Гипсокартон емес қой. Тегіс болу керек. Қатты нагружать үлкен слой болады. Солай қисық бола ма? Жөндеңіздер.

 Бұдан кейін өңір басшысы мектепті жылытатын блок-модульді қазандықтың жай-күйімен танысты. Мұндай қондырғылар автономды жұмыс істеп, ғимаратты тұрақты және тиімді жылытуға мүмкіндік береді.

Әйгерім Тоқпанқызы