Тереңкөл ауданының Песчаное ауылында биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Спорт кешені салынып, мектеп, балабақша жөнделді. Оған қоса жолдар қалыпқа келтіріледі.
«Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл Песчаное ауылдық округіне 1,5 млрд теңгедей қаражат бөлінді. Бұған дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы кіреді. Жоба екіжылдық, құны 661 млн теңгені құрайды.
Серікбай Әликпаров, Песчаное ауылдық округінің әкімі
Ауылда дене шынықтыру сауықтыру кешінінің қажеттілігі әркез болды. Себебі жастар , елдің тұрғындары бірнеше жыл бойы осы кешенді сұраған еді. Олар спортпен айналысқысы келеді, бос уақытын тиімді өткізгілері келеді. Өтініш тастаған еді. Сондықтан осындай жобаны жүзеге асыру мақсат етілді. Оған шағын футбол алаңы, воркаут алаңы кіреді.
Ол жерде күрес, волейбол, баскетбол, қазақша күрес бойынша үйірмелер ашылатын болады. Сонымен қатар, ауылдағы балабақша да жөндеуден өтіп жатыр.
Серікбай Әликпаров, Песчаное ауылдық округінің әкімі
Балабақшаның қазіргі ғимараты 1970 жылғы. Ауыл ел бесігі аясында қаражат бөлініп жатыр, аталмыш жұмыстар аяқталды. 25 тамызға дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Күрделі жөндеуге ғимараттың қасбетін жаңарту, шатырын ауыстыру, терезелерді ауыстыру, қазандықты жаңарту және ішкі жағы толық жаңартылады. Ал, мектепте аталмыш бағдарлама аясында 61 млн теңге бөлініп, бірінші қабаты қалыпқа келтіріліп жатыр. Спорт зал, асхана, кабинеттері, кіреберіс жаңартылуда.
Жыл сайын ауыл халқымен кездесу кезінде тұрғындар балабақшада жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған еді дейді әкім. Ел жұрттың өтініші қабылданып, міне жаңартылу үстінде.
Серікбай Әликпаров, Песчаное ауылдық округінің әкімі
Жарықтандыру бойынша айтсақ. Ауылға кіреберіс жол жарықтандырылды. Ауыл ішінде 137 тірек пен жарықшамдар қойылды. 100 пайызға жұмыстар аяқталды. 209 млн теңге жұмсалды. Қазір бізде жалпы 600 жарық шамдар бар. Ауылдық округтің 87 пайызы жарықпен қамтылды.
Сондай-ақ, ауыл ішінде 10 көше, яғни 7,2 шақырым жол жөнделеді. Оған бюджеттен 269 млн теңге бөлінді. Мердігер ұйым 25 тамызда жұмыстарды бастайды.
Самал Қалиқызы