Мемлекет басшысының тікелей тапсыруымен, ауыл халқының әл ауқатын көтеруге арналған жобалардың бірі «Ауыл аманаты». Биыл бұл бағдарламаға үшінші жыл қаржы бөлінуде. Оған кімдер қатыса алады? Шарты қандай? Алдағы материалымызда.
«Ауыл аманаты» соңғы үш жылда елдімекен тұрғындарының назарын аудартқан бағдарламалардың бірі. Ауылда тұратын азаматтардың кәсібінің дамуына, тұрмысының жақсаруына айтарлықтай демеу болған жоба.
Павлодар облысының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасына белсенді түрде қатысуда. Ауылды жерлерде осы жоба арқылы қаржыландырылып, кәсібін өрге сүйреген мысалдар баршылық. Облысқа осы бағдарлама бойынша берілген қаржы көлемі де мол.
Ал, биыл 2 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. Бұл қаражатқа 200 ден астам жоба жасалады деп күтілуде. Сондай-ақ, жүздеген жұмыс орнының ашылуы да күтілуде. Жеңілдетілген несие ауыл шаруашылығынан да басқа бағыттарға да беріледі.
«Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бағдарламаны жүргізеді. Қазір басым бағыттар айқындалып, қаржының түсуі күтілуде.
Жанасыл Серікбол