Бұл әуе өңдеуге қиынға соғатын алаңдар. Ертіс арнасы жайылымнан кейін өз арнасына кіргеннен соң шағын көлшіктер пайда болған. Сол жерлерде уландыру жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт аралығында 23 мың гектар жер препаратпен өңделген.
Мақпал Лепесова, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы:
Осындай жаңағы қиын авиацияға қиын учаскілерді жаяу әдіспен өңдеп жатырмыз. Жалпы біздің ағымдағы жылға қарастырылған химиялық препараттың көлемі 2300 литрді құрайды. Сонымен қатар биологиялық препарат 70 мың кг құрайды. Бүгінгі күні біз биологиялық препататтың 13 мың қолдандық. Одан кейін химиялық препатттың 800 дей литрін қолданған болатынбыз. Өңдеу жұмастыр өз жалғасын табатын болады.
Мамандардың айтуынша шағын көлшіктерге шашылғаннан кейін зиянкестер 20-30 минуттан кейін уланады. Биылғы жылы пайдаланылған сұйық улағыш зат Германия, Франция және Ресей елінде шығарылған. Бұл жұмыстарға 602 млн теңге бөлініпті.
Дәулет Ыбраев, ғылыми қызметкер:
Қазіргі уақытта сіз көріп отырсыз мына ыдыста қансорғыштың 50 личинкасы бар. Олар жылдамдықпен тез көбейіп, дамиды. Мына су қалдығы орташа есеппен алғанда шаршы метрге 24 ке көбейтсек, онда мына жерден 1200 ге жуық шіркей дамып жетіледі. Одан кейін Кенжекөл, Ақсу қалаларына ұшады.
15 мамырдан бастап өңірде шіркейге қарсы уландыру жұмыстары басталады. Ертіс өзеніне баржалық әдіспен биологиялық препарат құйылады.
Әйгерім Тоқпанқызы