Естай мәдениет сарайында Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда өңірдің дамуына еңбегі сіңіп жүрген бірқатар жандар мемлекеттік марапатқа ие болды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Жиналғандар алдымен мәдениет сарайын фойэесіндегі көрмені тамашалады. Жергілікті музей елдің егемендік тархиынан сыр шертетін құжаттық және фото жәдігерлерді топтастырған. Бәрі де Тәуелсіз елдің жүріп өткен жолы.
Ал, мерекеге жиналғандар залға жайғасқан соң мемлекеттік ту салтанатты түрде төрге шығарылды.
Барша тұрғындарды облыс әкімі Асайын байханов мерекемен құттықтап сөз алды.
Салтанатты шара марапаттау рәсімімен жалғасты. «Табыс» ШҚ иесі Манат Алғамбаров «Прасат» орденін алды. Ал, Марат Ізбастин, Рүстем Мазғұтов, Дүйсен Мерғалиев, Елубай Оразалинов, Балтабай Сыздықов «Құрмет» орденімен марапатталды. Жиыны 30 адам әр түрлі мараптқа ие болды.
Қазақ халқының тарихын, рухын паш етені концерттік бағдарлама ұсынылды. Елдік әні шырқалып, азаттық үні асқақтады.
Ж.С