Билекпен жүздесу. Осындай қағиданы бек ұстанған «Ертіс» телеарнасындағы «Әкім сағаты» жобасы жалғасуда. Хабардың кезекті санына Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев қатысып, жұртшылық көкейіндегі сауалдарға тікелей эфирде жауап берді. Толығырақ алдағы сюжетте.
Нұрболат Мақашев Успен ауданының экономикалық, әлеуметтік жағдайына тоқталды. Инфрақұрылымның дамуы, инфестиция тарту сияқты салаларда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті. Сондай-ақ ауданның ауылшаруашылығы да кеңінен сөз болды. Биыл егістік алқабы 243 мың га құраған, жалпы астық дақылдарының 99 пайызы жиналған.
Мұнымен қоса, ауылдардағы су құбырларының құрылысы мен сапалы ауызсу проблемасы әңгіме өзегіне айналды.Өткен жылы ауданда таза сумен қамтамасыз ету деңгейі 97 пайызды құрапты.
Бұл жолы уақыт талабына сай жетілдірілген жобаға жасанды интеллект технологиясы енгізіліп, тікелей эфир барысында “Адалбек” есімді виртуалды жүргізуші әкімге бірқатар сұрақтар қоя алды.
Ал, жұртшылық көкейлеріндегі сауалдарын телефон арқылы тура қоюға мүмкіндік алды. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тапты. Мәселен жол – халыққа ең қажетті инфрақұрылым. Сондықтан бұл мәселеде тұрғындардың сұрағы бар.
Ал, хабар соңында әдеттегідей Әкім уәдесі берілді. Өткен жылы Нұрболат Мақашев ауданда спорт түрлерінен үйірмелер ашу уәдесін беріп, орындады, ал биыл ардагерлер кеңесінің мүшелерін спорттық формамен қамтамасыз етеміз дейді. Еске сала кетейік, 28 қазан күні тікелей эфирде Ақсу қаласының әкімі есеп беретін болады.
Қымбат Садық